Қазақстан әйелдерге арналған бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша жаһандық рейтингте Түркіменстанның өзін алға жіберіп алды

Фото: https://www.shutterstock.com/

Әйелдерге арналған бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша жаһандық индекске сай 2023 жылы Таяу Шығыс және Африка мемлекеттері ең нашар елдер деп танылды. Мұндай есепті Джорджтаун әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік институты екі жылда бір рет жариялап отырады.

Елдердің индексі 0-ден 1-ге дейін өзгереді, 1 — мүмкін болатын ең жоғары нәтиже. Көрсеткіш инклюзивтілік (білім беру, жұмыспен қамту, қаржылық инклюзивтілік, мобильді құрылғыларды пайдалану, парламенттік өкілдік), әділеттілік (құқықтық кемсітушіліктің болмауы, сот төрелігіне қол жеткізу, ана өлімінің коэффициенті, ұлдарға қатысты біржақтылық) және қауіпсіздік (серігінің тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық, қоғамның қауіпсіздігі, әйелдерге қатысты саяси зорлық-зомбылық және жанжалға жақындық) сияқты компоненттер негізінде айқындалады.

Ана өлімінің жоғары деңгейі, білім деңгейінің төмендігі және серігінің тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықтың артуы жалпы ұпайлардың төмендеуіне әкеліп соқты. Жанжал шығаруға деген құштарлық айтарлықтай теріс бағаланды. Ауғанстан (0,286 ұпай) және Йемен (0,287 ұпай) әйелдер үшін ең нашар елдер болып танылды. Сондай-ақ, бұл тізімге ОАР (0,378 ұпай), Конго ДР (0,384 ұпай), Оңтүстік Судан (0,388 ұпай), Бурунди (0,394 ұпай), Сирия (0,407 ұпай), Эсватини (0,415 ұпай), Сомали (0,417 ұпай) және Ирак (0,424 ұпай) елдері енді. Әйелдер үшін ең нашар елдердің орташа индексі әлемдегі орташа индекстен екі есе төмен: 0,378 және 0,68.

Қазақстан әйелдерге арналған бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша жаһандық рейтингте Түркіменстанның өзін алға жіберіп алды

Ал рейтингте үздік деп танылған барлық он ел 0,9 ұпайдан жоғары индекске ие, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен едәуір жоғары. Әйелдер үшін ең жайлы 10 мемлекеттің 9-ы Еуропа елдері болса, қалған біреуі, ол — Жаңа Зеландия.

Ең жоғары рейтинг Дания еліне тиесілі (0,932 ұпай), инклюзивтілігі бойынша, атап айтқанда, қаржылық, сондай-ақ парламенттік өкілдігі және құқықтық кемсітушіліктің болмауы жағынан ерекшеленді. Келесі орында Швейцария (0,928 ұпай) және Швеция (0,926 ұпай) тұр. Финляндияда, Швецияда және Люксембургте 0,924 ұпай.

Үздік елдер тобы ана өлімінің төмендігімен, жоғары білім деңгейімен және әйелдерге қатысты саяси зорлық-зомбылықтың болмауымен сипатталады.

Қазақстан әйелдерге арналған бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша жаһандық рейтингте Түркіменстанның өзін алға жіберіп алды

Қазақстан осы күнге дейін жасалған баяндама нәтижелерімен салыстырғанда өз позициясын нашарлатып алды: 59-шы орыннан бірден 70-ші орынға төмендеді, ал индекс 0,761 ұпайдан 0,729 ұпайға дейін азайды. ОА және ЕАЭО мемлекеттерінің арасында ҚР-дан жоғары орындарға Армения (0,772 ұпай), Ресей (0,752 ұпай), Беларусь (0,733 ұпай) және бір таңқаларлығы, Түркіменстан (0,75 ұпай) жайғасты.

Рейтингте Қазақстаннан төмен тұрған елдер: Тәжікстан (0,69 ұпай), Өзбекстан (0,674 ұпай) және Қырғызстан (0,673 ұпай).

Қазақстан әйелдерге арналған бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша жаһандық рейтингте Түркіменстанның өзін алға жіберіп алды

Индексте пайдаланылған көрсеткіштерді талдау Қазақстандағы жағдайдың екіұшты екенін айқындады. 2024 жылдың сәуір–мамыр айларындағы жағдай бойынша «Халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенім деңгейі» сауалнамасына сай тұрғылықты көшесінде жалғыз жүріп бара жатқан сәтте әйелдердің 58,5%-ы өздерін толық қауіпсіз сезінеді, бұл ерлер арасындағы көрсеткіштен (70%) төмен. Әйелдердің 32,6%-ы, ал ерлердің 26%-ы өздерін жеткілікті деңгейде қауіпсіз сезінеді, өздерін қауіпсіз сезінбейтін әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда көбірек: 7,3%-ды және 3,4%-ды құрайды.

Жоғары оқу орындарының студенттері арасында әйелдер саны әлдеқайда көбірек: 2023/2024 оқу жылының басында қыздар саны 314,1 мыңға, ал ұлдар саны 278,6 мыңға тең болды.

Жеке кәсіпкерлердің арасында да әйелдер саны басым: 2024 жылдың тамыз айының соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 958,7 мың жеке кәсіпкер әйел және 817,6 мың жеке кәсіпкер ерлер тіркелген. Жұмыс істеп тұрған ЖК арасында 914,3 мыңы әйел және 768,4 мыңы ер адам болды.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін халық арасында әйелдердің саны еркектерден асып түседі: 2024 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін әйелдер саны — 2,06 млн, ал жұмыс істейтін ерлер саны — 1,91 млн. Алайда, әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлерге қарағанда 25,7%-ға төмен: 311,2 мың теңге және 418,8 мың теңге. Бұл жұмысшыларының көпшілігі әйелдер болып табылатын білім беру және денсаулық сақтау сияқты салалардағы табыстың төмендігіне байланысты.

Демек, Қазақстандағы әйелдер, бір жағынан, білімді, сауатты әрі еңбекқор болса, бір жағынан, өздерін толық қауіпсіз сезіне алмайды, сондай-ақ экономикаға қосқан үлесі үшін лайықты бағаланбайды.

Қазақстан әйелдерге арналған бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша жаһандық рейтингте Түркіменстанның өзін алға жіберіп алды