Жылу мен суды үйге ортақ есепке алу аспаптары: «ақылды» үйге бір қадам жасау және коммуналдық қызметтердің қалтаға «қысқы қысымын» едәуір төмендету жолы

28 просмотров

Биылғы қыс пәтер иелері үшін коммуналдық қызметтерге шығындарды арттырады, атап айтқанда, жылыту мен ыстық су үшін шығындар. Қалтаға артық салмақты төмендету мүмкіндігі – көп қабатты тұрғын үйлерді (КҚТҮ) жылу мен суды үйге ортақ есепке алу аспаптарымен (ҮОЕА) жабдықтау, соның арқасында, тұрғындар тек нақты тұтынған ресурстар үшін ғана төлейді. 

Жылу мен су шығындарын азайтумен қатар, ҮОЕА-ның тағы бірқатар артықшылықтары бар. Мысалға, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңға сәйкес ҚР-да есепке алу аспаптарын орнатқандар үшін тұтынған жылу энергиясына ынталандыратын сараланған тарифтер қолданылады. Сөйтіп, коммуналдық қызметтерге шығындар шамамен үш есеге азаюы мүмкін.  

Еске сала кетейік: Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда тұрғын үй қорын ҮОЕА-мен аспаптандыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Аспаптандыру тұрғындармен су және энергетика ресурстарының тұтынуын есепке алу дәрежесін арттыруға, сондай-ақ ресурстардың тұтынуын дербес реттеуімен «ақылды» үй жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.  

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2025 жылы КҚТҮ-ні жылу мен суды үйге ортақ есепке алу аспаптарымен жүз пайыздық аспаптандыру көзделген.

Ағымдағы жылы ҚР бойынша жылу мен суды үйге ортақ есепке алу аспаптарымен жабдықталудың жалпы деңгейі, бір жыл бұрынғы 71,1% қарағанда, 73,1% құрады.

Ең үздік көрсеткіштер — 90%  астам — Нұр-Сұлтанда (99,4%), Алматыда (97,5%), Түркістан облысында (96,1%) және Шымкентте (93%) тіркелген. ҚР бойынша орташа көрсеткіштен жоғары көрсеткіштер тағы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. 

Ең төмен көрсеткіштер — ШҚО-да (небәрі 31,5%) және СҚО-да (35,9%). Сонымен қатар, Павлодар, Жамбыл және Қызылорда облыстары да кемінде жартысына жуық аспаптандырылған.

ҚР-да жылуды үйге ортақ есепке алу аспаптарының саны 33,3 мыңды құрады, бір жыл ішінде плюс  19,4%. Ең үлкен өсім Нұр-Сұлтанда (2,8 есе 8,9 мыңға дейін) және Алматы облысында (26,8%-ға 1,2 мыңға дейін) байқалады. Сонымен бірге, 9 өңірде көрсеткіш бір жыл ішінде өзгерген жоқ, ал бір – Ақмола облысында – 0,5%-ға 1,5 мыңға дейін қысқарды.   

Суды үйге ортақ есепке алу аспаптарының саны бір жыл ішінде 1,5% 26,3 мыңға ұлғайды. Ең үлкен өсім Қостанай облысы (3,2 есе 522 бірл. дейін) және СҚО-да (12,5%-ға – алайда, небәрі 63 бірл.) байқалады. ҚР-дағы 17 өңірдің 13-де көрсеткіш өзгеріссіз қалды.

Маңызды жайт: ҮОЕА-ны жүйелі түрде тексеруден өтуі тиіс. 

Мысалы, жылудың ҮОЕА жағдайына қатысты айтар болсақ, Жылу энергиясын тұтыну қағидаларына сәйкес, тұтынатын жылу энергиясын есепке алу үшін Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде енгізілген және бастапқы немесе өлшем құралдарының жүйеі тексеруінен өткендігі туралы құжаттары бар есепке алу аспаптарының үлгілері қолданылады.

Аспаптандыруды қосымша қолдау үшін жауапты институт – «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ – қаржыландырудың жеңілдетілген тетіктерін ұсынады. 

Көмек жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне (ТМС), ТМС қаржы лизингісіне өтінімдерді және өңірлерде үйге ортақ есепке алу аспаптарын орнату қажеттілігіне сәйкес нысаналы кредит ұсынғаннан кейін ғана көрсетіледі.   

Ұйым ТМС-ке 48 ай мерзімімен жылдық 4% сыйақы мөлшерлемесімен қаржы лизингісін ұсынады. Есепке алу аспаптарының өнім берушісі конкурстық негізде айқындалады.