Қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар арасында биыл қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша, 30,1 мың жұмыссыз бар, бұл былтырғыдан 5,1% аз. Оның ішінде 5,5 мың азамат теріс қылық жасаған, 24,6 мың азамат қылмыс жасаған. Осы 24,6 мың адамның 10,7 мыңы орташа ауырлықтағы қылмыс, 8 мыңы ауыр қылмыс, 5 мыңы онша ауыр емес қылмыс, 959-ы аса ауыр қылмыс жасаған.
Заңды бұзатын жұмыссыздардың саны жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, 2022 жылы бұл көрсеткіш 3,6%, 31,7 мың адамға, 2021 жылы — 21,8%, 32,9 мың адамға, 2020 жылы — 22,8%, 42,1 мың адамға, 2019 жылы — 6,5%, 54,5 мың адамға дейін төмендеді.
Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жұмыссыздардың ең көбі Алматы қаласында болды: 5 мың адам — былтырғыдан бірден 27% артық.
Одан кейін Астана (3 мың адам, 5,8% көбейген) және Алматы облысы (2,4 мың, 40,7% азайған).
Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау (239 адам), Абай (710 адам) және Қызылорда (781 адам) облыстарында тіркелді.
Қылмыстық кодекстің баптары бойынша жұмыссыз құқық бұзушылардың 35,1%-ы ұрлықпен ұсталды: 10,6 мың адам — былтырғыдан 8,3% аз.
Жұмыссыздар арасында ең «танымал» құқық бұзушылық түрлерінің ішінде алаяқтық (3,7 мың адам, 13,9% көбейген), ұсақ ұрлық (3,1 мың адам, 7,1% азайған), өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз айналдыру (1,6 мың адам, 6,9% азайған) және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу (1,2 мың адам, 8,4% көбейген).