Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айларында ҚР-да отбасылық-тұрмыстық саласында 1,6 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп.
Анықтама үшін: өткен жылдың қаңтар–тамыз айларында осындай 578 құқық бұзушылық тіркелді.
Өңірлер бойынша ең көп отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрынғы 56 жағдай биыл 202-ге дейін жетті. Жылдық өсім 3,6 есеге тең.
Бір жыл ішінде Алматыда осы саладағы оқиғалар саны бірден 7 есе өсіп, 155 жағдай тіркелген. Антирекорд орнатқан үштіктер қатарында Түркістан облысы да бар: былтырғы жылы 28 жағдай болса, биыл ресми 135 оқиға тіркелген.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең аз қылмыстық құқық бұзушылықтар саны Ұлытау (29 жағдай), Абай (35 жағдай) және Солтүстік Қазақстан (42 жағдай) облыстарында.
Ағымдағы жылы қылмыстық құқық бұзушылықтар санының өсімі еліміздің барлық өңірлерінде байқалады. Құбылыс заңнамалық жаңашылдықтармен байланысты.
Ағымдағы жылдың қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 39,4%-ы ұрып-соғу әрекеттері салдарынан болады. Сегіз айда осындай 628 заң бұзушылық тіркелді.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру жағдайларының үлесі де бар: 22,2% немесе 354 құқық бұзушылық. Үшінші орында денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру оқиғалары: 213 құқық бұзушылық, былтырғы жылдан 0,5%-ға аз.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар қатарында кең таралған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (186 оқиға), адам өлтіру (74 жағдай), зорлау (27 жағдай) және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық (27 жағдай) бар.