Тіркелген қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар. Қаңтар–қыркүйек 2022

94 просмотров

2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында елімізде 1,6 мың қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,1% артық.

Өңірлер бойынаш ең көп сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар Қарағанды облысында тіркелді: 207 оқиға, бір жылда 3 есе өскен. Одан кейін Астана (144 жағдай, 2,9% өскен) және Шымкент (129 жағдай, 25,2% өскен) қалалары. Саладағы барлық құқық бұзушылықтардың ең азы жаңадан құрылған облыстарда — Ұлытауда (2 жағдай), Абайда (9 жағдай) және Жетісуда (15 жағдай) тіркелді, бұл жаңа өңірлер бойынша статистиканың ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Қылмыстардың басым бөлігі ауыр — 1,1 мың іс. 342 жағдай орташа ауырлық дәрежесіне, 69 жағдай жеңіл дәрежеге, 25 жағдай ерекше ауыр санатқа жатады.

Пара алу барлық қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 28,7%-ын құрады: 449 оқиға, бір жыл бұрынғыдан 8% аз.

Жиі жасалатын қылмыстардың қатарында пара алу (424 жағдай,бір жылда 10,7% көбейген) және алаяқтық (280 жағдай, 2 есе өскен). Одан кейін лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (112 іс, 6,7% азайған), сондай-ақ басқалардың сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру (98 жағдай, 30,5% азайған).

Бір қызығы, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша сотқа тартылғандар саны 639 адамды құрап, бір жыл бұрынғыдан 13,5% азайған.

Мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын көбінесе әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жасады: 118 адам, бір жылда 9,2% азайған. Одан кейінгі орында ішкі істер органдарының қызметкерлері (112 адам) және Қаржы министрлігінің қызметкерлері (39 адам). Сондай-ақ жыл басынан бері 5 әкім, 1 судья, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 7 қызметкері, прокуратураның 2 қызметкері де жемқорлықпен ұсталған.

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша ағымдағы жылдың қараша айынан бастап мектеп құрылысына бағытталатын болады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы. Бұл шамамен қазір 100 млрд теңге.