Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтер. Министрліктің қызметкерлері. Қаңтар–тамыз 2022

65 просмотров

Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша ҚР министрліктерінің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша ұсталды, көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 20,7% артық.

Көбіне мұндай қылмыстарды Қаржы министрлігінің қызметкерлері жасаған: 33 адам, бір жыл бұрын 31 адам болған еді, жылдық өсім 6,5%.

Одан кейін ҚР Қорғаныс министрлігі (22 адам, 83,3% көбейген), Ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам, 23,1% көбейген) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (16 адам, бірден 5,3 есе көбейген).

Жемқорлық жасаған қылмыскерлердің ішінде 102 қызметкер ауыр қылмыс, 4 адам орташа ауырлықтағы қылмыс және тағы 4 адам ауыр емес қылмыс, 1 адам аса ауыр қылмыс жасаған.

Министрліктегі құқық бұзушылардың 69,4%-ы пара алу кезінде ұсталды: 77 адам, былтырғыдан 63,8% көп. Тағы 14 адам сыбайлас жемқорлыққа барды, 7 адам қызмет бабын асыра пайдаланды, 6 адам пара берді, 5 адам сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру фактісі бойынша ұсталды.

Өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған министрлік қызметкерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында болды: 23 адам — бір жыл бұрынғыдан 3,3 есе көп. Одан кейін Шымкент қаласы (12 адам, 4 есе көбейген) және Алматы облысы (10 адам, 9,1% азайған).

Министрліктегі қылмыскерлердің саны ең аз Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды: әр облыста 2 адамнан. Жаңадан құрылған үш облыста, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарында министрлік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.