Рубльге сұраныс аз: Қазақстанда ресейлік валютаны сатып алуға қарағанда сату көп

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстандықтар арасында танымал валюталар — АҚШ доллары, еуро және ресейлік рубльдің ішінде сұраныс былтырғымен салыстырғанда еуроға ғана өсті. Биыл қаңтар–мамыр айларында айырбастау пункттерінің еуроны таза сату көлемі 113,4 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% артық.

Ал АҚШ долларын таза сату бірден үштен бірге, яғни 561,3 млрд теңгеге дейін азайды.

Қазақстанда ресей рубліне деген қызығушылық мүлде жоғалды: 2023 жылдың қаңтар–мамыр айларында сатып алғанға қарағанда сатылған рубльдің көлемі 9 млрд теңге көп.

Рубльге сұраныс аз: Қазақстанда ресейлік валютаны сатып алуға қарағанда сату көп

Айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатуының жартысынан астамы тек ҚР мегаполистерінің үлесіне тиді: Алматы (158,4 млрд теңге), Шымкент (105,8 млрд теңге) және Астана (56,3 млрд теңге).

Басқа өңірлер бойынша 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында АҚШ долларын таза сату көлемі 533,7 млн ​​теңгеден (Жетісу облысында) 43,1 млрд теңгеге дейін (Маңғыстау облысында) ауытқиды.

Рубльге сұраныс аз: Қазақстанда ресейлік валютаны сатып алуға қарағанда сату көп

Сондай-ақ, ҚР мегаполистері еуроның жалпы таза сатылымының 69,8%-ын алады. Алматыда көрсеткіш 41,2 млрд теңгені, Шымкентте 23,5 млрд теңгені, Астанада 14,4 млрд теңге.

ҚР басқа өңірлерінде еуроны таза сату көлемі 94 млн теңгеден (Ұлытау облысында) 4,3 млрд теңгеге дейін (Қызылорда облысында) ауытқиды.

Рубльге сұраныс аз: Қазақстанда ресейлік валютаны сатып алуға қарағанда сату көп

2023 жылдың қаңтар–мамыр айларында Ресей рублін сатып алғанға сату ҚР 20 өңірінің 9-да тіркелді. Ең көп Алматы мен Астанаға тиесілі — таза сату тиісінше 12,7 млрд және 4,9 млрд теңге. Таза сатылым көп өңірлер ішіндегі көрсеткіш 98,8 млн теңгеден (Жамбыл облысы) 2,5 млрд теңгеге (Ақтөбе облысы) дейін ауытқиды.

Бұл ретте 11 өңірде рубльді сатқанға қарағанда сатып алу көп. Ең көп көлем Шығыс Қазақстан (5,2 млрд теңге), Қарағанды ​​(3 млрд теңге) және Ақмола (2,7 млрд теңге) облыстарында.

Рубльге сұраныс аз: Қазақстанда ресейлік валютаны сатып алуға қарағанда сату көп

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, мамыр айында теңге бағамы нығайды, оған негізінен ішкі факторлар әсер етті — мысалы, экспорттаушылардың тоқсан сайынғы салық төлемдерін төлеуге валюталық түсімдерді айырбастауы.

Осылайша, 2023 жылдың мамыр айындағы орташа есеппен 1 ​​АҚШ долларының ресми бағамы 446,6 теңгені құрады, бұл биылғы сәуірмен салыстырғанда 1% төмен, дегенмен 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бағам 3,7% өсті. Толық емес маусымда — 1-27 маусым аралығында АҚШ долларының бағамы орташа есеппен 448,1 теңгені, нақтырақ айтсақ, 27 маусымда — 450,1 теңгені құрады.

Бір айда 1 еуроның орташа бағамы биыл мамырда 1,9% төмендеп, 485,3 теңгені құрады. Дегенмен, былтырғы мамырмен салыстырғанда 6,6% өсім бар. Толық емес маусымда еуроның орташа бағамы 484,7 теңгені, нақтырақ айтсақ, 27 маусымда 490,3 теңгені құрады.

Рубльдің ресми бағамы, керісінше, бір айда 1,1% өсіп, мамырда 5,64 теңгені құрады, дегенмен былтырғы мамырмен салыстырғанда ол айтарлықтай төмендеді — бірден 17,3%. Толық емес маусымда Ресей рублінің орташа бағамы одан да төмендеп, 5,42 теңгені құраса, нақтырақ айтсақ, 27 маусымда 1 рубль үшін 5,32 теңгені құрады.

Вагнер жеке әскери компаниясының иесі ұйымдастырған бүлік аясында Қазақстанда да рубль бағамы айтарлықтай құбылды, деп хабарлайды zakon.kz. Сонымен, 24 маусымда ресми бағам 5,32 теңге болғанымен, айырбастау құны 4 теңгеге дейін төмендеді.

Рубльге сұраныс аз: Қазақстанда ресейлік валютаны сатып алуға қарағанда сату көп