Жыл сайын наурыз айында өткізілетін халықтың өмір сүру сапасын зерттеуге сәйкес, өздерінің қаржылық жағдайына толық қанағаттанамын деп жауап берген респонденттердің үлесі қатарынан екінші жыл қысқаруда: өткен жылғы айтарлықтай жоғары 40,2%-ға қарағанда, 2022 жылы небәрі 32,1%-ды құрады.
Бұл ретте өзінің қаржылық жағдайына ішінара қанағаттанғандардың үлесі бір жыл ішінде 56,3%-дан 64%-ға дейін өсті. Өздерінің қаржылық жағдайына қанағаттанбаған респонденттердің үлесі бір жыл ішінде өзгерген жоқ (0,6%), ал сұралғандардың 3,3%-ы жауап беруге қиналды.
Отбасының экономикалық жағдайына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі де бір жыл ішінде 44,1%-дан 34,7%-ға дейін азайды, ал ішінара қанағаттанғандардың үлесі 52,8%-дан 63%-ға дейін өсті. Отбасының экономикалық жағдайына қанағаттанбаған респонденттердің үлесі бір жыл ішінде 1,1%-дан 0,5%-ға дейін азайды, тағы 1,8%-ына жауап беру қиынға соқты.
Елдімекен бөлінісінде өздерінің қаржылық жағдайына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі ауылдарда қалаларға қарағанда жоғары: 30,6%-ға қарағанда 34,8%. Қанағаттанбағандардың үлесі қалаларда жоғары: ауылдық жерлердегі 0,4%-ға қарағанда 0,7%.
Ерлер арасында өздерінің қаржылық жағдайына толық қанағаттанғандардың үлесі әйелдерге қарағанда жоғары: 29,5%-ға қарағанда 35,9%. Сонымен қатар, қанағаттанбағандардың үлесі ерлер мен әйелдер арасында бірдей: 0,6%.
Жұмыспен қамту мәртебесі бөлінісінде өзінің қаржылық жағдайына қанағаттанған респонденттердің ең көп үлесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында байқалды: 35,7%. Одан кейінгі орында шамалы айырмашылықпен жалданып жұмыс істейтіндер: 33,3%. Жұмыссыздар арасында бұл көрсеткіш күтілгендей айтарлықтай төмен: 28,3%.
Өзінің қаржылық жағдайына қанағаттанбағандардың үлесі жұмыссыздар арасында 2%-ды, жалданып жұмыс істейтіндер арасында 0,4%-ды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 0,3%-ды құрады.
Бұл ретте, егер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында жауап беруге қиналған немесе сұрақ олардың жағдайында қолданылмайды деп санайтын респонденттердің үлесі тек 0,2%-ды, ал жалданып жұмыс істейтіндер арасында — 0,7%-ды құраса, жұмыссыздар арасында көрсеткіш болжамды түрде бірден 10%-ға жетті.
Өзінің материалдық әл-ауқат деңгейін орташа деп бағалаған респонденттердің үлесі ағымдағы жылы бірден 80%-ға жетті, бұл ретте өткен жылы бұл көрсеткіш 65,6%-ды құрады. Өз кезегінде, өзінің материалдық әл-ауқатын орта деңгейден төмен бағалағандардың үлесі айтарлықтай төмендеді: 11,6%-дан 2,3%-ға дейін. Әл-ауқаттың төмен деңгейін өткен жылғы 0,4%-ға қарағанда 0,3%-ы белгіледі.
Өзінің материалдық әл-ауқатын орташа деңгейден біршама жоғары бағалаған респонденттердің үлесі де өзін салыстырмалы түрде ауқатты (4,6%-дан 3,1%-ға дейін) немесе әл-ауқат деңгейі жоғары (0,8%-дан 0,4%-ға дейін) деп бағалағандардың үлесі сияқты айтарлықтай қысқарғанын (17%-дан 13,9%-ға дейін) атап өткен жөн.