ҚР ЕДБ несие портфелінің сапасы: қандай банктер қарызды кешіктіруге жол бермейді?

13 768 просмотров

Биылғы қыркүйек айына дейін төлемдері 90 күннен артық кешіктірілген несиелердің көлемі (NPL 90+) 786,8 млрд теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғыдан 41,3 млрд теңгеге аз. ҚР ЕДБ жиынтық несие портфеліндегі NPL 90+ үлесі бір ай бұрынғы 3,8%-ның орнына қазір 3,6%-ды құрады.

Анықтама үшін: бір жыл бұрын қазақстандық банктердің несие портфеліндегі кешіктірілген берешек үлесі 4,6%, бес жыл бұрын 12,8%, он жыл бұрын 31,7% болған.

Несие портфеліндегі мерзімі өткен несиелер көлемінің айтарлықтай төмендеуіне Halyk Bank қол жеткізді: көрсеткіш бір айда 5,6 млрд теңге азайып, 152 млрд теңгені құрады. Бұл банктің несие портфелінің бір ай бұрынғы 2,1%-ы орнына қазір 2%-ды құрайды. Анықтама үшін: бір жыл бұрын банктің несие портфеліндегі NPL үлесі 3,6%-ды құраған.

Halyk Bank несие портфелі сапасы бойынша еліміздегі ең ірі кредитор банктер арасында көшбасшылар үштігіне кіреді. Несие берудің барлық бағыттары бойынша үй шаруашылықтары мен бизнеске арналған несие өнімдерінің кең ассортименті бар банк несиені мақұлдауға байыпты қарайды және комплеанс бақылауы қатаң, бұл банк портфелінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп отыр.

ҚР ең ірі банктен басқа, портфель сапасы бойынша алғашқы үштікке тұрғын үй қарыздары мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне маманданған мемлекеттік даму институты Отбасы банкі де кіреді (банктің бизнес үлгісіне байланысты NPL 90+ портфельдің 0,1%-нан аз). Одан кейін Altyn Bank (кешіктірілген несие көлемі портфельдің 0,5%-ы).

NPL 90+ көлемін төмендету бойынша екінші орында Jusan Bank: 5,2 млрд теңгеге қысқарып 135,4 млрд теңгені құрады. Бұл банк портфелінің 12%-ын құрайды.

Үздік үштікті жоғарыда аталған Altyn Bank түйіндейді: мұнда ай сайынғы қысқару бар болғаны 14 млн теңгені құрады. Кешіктірілген қарыздың аз екенін ескерсек (бар болғаны 1,6 млрд теңге), бұл ақылға сыйымды көрсеткіш. Ескерту: тамызда тек осы үш банк үздік он кредитор банктер арасында NPL 90+ көлемін азайта алды.

ҚР ЕДБ несие портфелі бір айда 246,2 млрд теңгеге өсіп, биылғы 1 қыркүйекте 21,8 трлн теңгені құрады.

Бұл ретте Halyk Bank несие көлемін 58,2 млрд теңгеге, яғни 7,6 трлн теңгеге дейін ұлғайтты, бұл Қазақстанның бүкіл несие нарығының 35% шамасында.

Jusan Bank бір айда 2,9 млрд теңге қосып, 1,1 трлн теңгеге дейін (бұл ҚР ЕДБ жалпы несие портфелінің 5,2%-ын құрайды), ал Altyn Bank — 4,2 млрд теңгеге өсіріп, 300,2 млрд теңгеге жеткізді (1,4%).

Портфель сапасы бойынша көшбасшылардың бірі Отбасы банкіне келетін болсақ, мұнда несиелердің ай сайынғы өсімі 85,7 млрд теңгені құрап, 2,7 трлн теңгеге дейін жетті (бұл Қазақстанның барлық несие нарығының 12,2%-ы).

Ескерту: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі биылғы тамыз айында сатып алған және атауын Bereke Bank деп өзгерткен Сбербанктің бұрынғы ресейлік еншілес ұйымы алғашқы ондыққа кірмеді және оның қызметін есепке алынбады.