Микроқаржы ұйымдарының нарығы қарқынды дамып, өсіп келеді. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, МҚҰ активтері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,7% артып, 997 млрд теңгеге жетті. Айта кету керек, МҚҰ секторы ҚР қаржы нарығындағы ең қарқынды дамып келе жатқан секторлардың бірі, соңғы бес жылда сектордағы активтер жылына орта есеппен 44,7% өсті.
МҚҰ-ның меншікті капиталы 2022 жылғы маусымның аяғында 287,2 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,9% артық. Активтер мен меншікті капиталдың қарқынды өсуі сектордың кеңеюін ғана емес, оның тұрақтылығын да көрсетеді. Бұл әсіресе нарықтың негізгі үлесін біріктіретін ірі МҚҰ-ға қатысты.
Мұны халықаралық рейтингтік агенттіктер де растап отыр. Атап айтқанда, биылғы жылдың 29 тамызында Fitch Ratings қазақстандық микроқаржы ұйымдарына салыстырмалы талдау жүргізді, онда жалпы сектордағы қазақстандық компаниялар пандемия кезінде жақсы жұмыс істегенін, ал оқшаулауға байланысты қабылданған шаралар аз ғана әсер еткен.
Нарық үлесі жоғары және тұрақты, дәлелденген бизнес үлгісі бар ірі компаниялар, банктік несиелер, облигациялар және халықаралық қаржы институттарының қорларын қоса алғанда, әртараптандырылған қаржыландыруға қолжетімділігі дәлелденген эмитенттер сияқты жоғары рейтингтерге ие болады.
ҚР микроқаржы ұйымдарының ішінде KMF МҚҰ активтерінің ең көбі: 220,9 млрд теңге немесе сектордағы жалпы активтердің 22,2%-ы. Жыл басынан бері компанияның активтері 20,8% өсті. Айта кету керек, компания көптеген өнімдерді ұсынады, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын да қолдайды.
МҚҰ активтері бойынша екінші орында «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» тұр: 147,6 млрд теңге немесе нарықтың 14,8%-ы. Алты айда компания активтерінің көлемі 21% өсті.
Активтердің көлемі бойынша МҚҰ үздік үштігін MyCar Finance жауып отыр: 132,8 млрд теңге немесе нарықтың 13,3%-ы.
Тұрақтылықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі саналатын меншікті капиталға келетін болсақ, KMF мұнда да көшбасшы: 50,6 млрд теңге.
Одан кейін FREEDOM FINANCE Credit (19,2 млрд теңге) және «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» (18,9 млрд теңге).
Компаниялардың сенімділігі мен тұрақтылығы халықаралық қаржы институттарының сенімімен де анықталады. Мәселен, KMF тұрақты негізде халықаралық ұйымдармен қаржыландырылады, атап айтқанда, биылғы жылдың шілде айында ЕҚДБ компанияға 25 млн АҚШ доллары көлемінде несие беретіні белгілі болды. Бұл қажетті қаражатты әйелдер басқаратын шағын компаниялар мен кәсіпорындарға, соның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпорындарға бағыттауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бұл ұйымдар 2005 жылдан бері серіктес.
Бұған дейін 13 маусымда KMF пен Азия даму банкі 15 млн АҚШ доллары көлемінде несие беру туралы келісімге қол қойды. Бөлінген қаражат кәсіпкерлерді, соның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталады.
Ескерту: МҚҰ секторы тұтастай алғанда ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпкерлеріне қаржылық қолдаудың жақсы деңгейімен ерекшеленеді. МҚҰ көбінесе негізгі ғана емес, жалғыз несие беруші болып табылатын ауылдық жерлерде мұндай қолдау әрқашан өзекті және әсіресе маңызды.