Өлім көрсеткіші рейтингінде Қазақстан 229 елдің ішінде 85-орында

103 просмотров

2022 жылға арналған елдердің өлім көрсеткіші рейтингінде Қазақстан 229 елдің ішінде 85-орынға ие болды. Рейтинг 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші негізінде құрылады. ҚР коэффициенті 8,11 болды.

Ең жоғары көрсеткіш Сербия, Румыния және Литвада болса, рейтингтің астында Катар тұр.

ТМД елдері арасында Украина*, Ресей және Беларусь көрсеткіші жоғары. Молдова да жағдай мәз емес — 12-орын.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, ҚР-да 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл былтырғыдан 9,6% аз.

Өңірлер бойынша қайтыс болу көрсеткіші Алматы облысында ең көп: 7,4 мың адам, былтырғыдан 8,9% аз. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары. Ал ең жақсы көрсеткіш Маңғыстау облысында: 1,5 мың адам, былтырғыдан 9% аз.

Айта кетерлігі, биыл елордадан басқа барлық өңірде қайтыс болу саны айтарлықтай азайған.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы қайтыс болу себептерінің ең жиі кездесетіні қан айналымы жүйесінің аурулары. Бұл сырқаттан 15,6 мың адам қайтыс болды, көрсеткіш былтырғыдан бірден 15,7% азайған.

Одан кейінгі орындарда жаңа ісіктер мен тыныс алу органдарының аурулары. Бұл сырқаттардың әрқайсынан шамамен 6,7 мың адам қайтыс болды. Одан бөлек өлімге себеп болатын ең көп таралған сырқаттардың қатарында жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттар, сонымен қатар ас қорыту органдарының аурулары бар.