Биыл қаңтар–қыркүйекте республикада 9,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл былтырғыдан 3,8% аз.
Көбіне ЖКО Алматы қаласында тіркелді: республика бойынша барлық оқиғалардың 25,9%-ы немесе 2,6 мың оқиға — былтырғыдан 2,4% аз. Одан кейін Алматы (961 оқиға, 37,6% азайған) және Жамбыл (695 оқиға, 39,4% азайған) облыстары.
ЖКО ең аз тіркелген өңір Ұлытау облысы: 42 оқиға. Одан кейін Атырау (218 оқиға) және Қарағанды (236 оқиға) облыстары.
Биыл қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша, елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан 14 мың адам зардап шекті, бұл былтырғыдан 7,1% аз.
Олардың ішінде жараланғандар саны 7,8% азайып, 12,3 мың адамды құрады, оның ішінде 7,1 мыңы ерлер және 5,2 мыңы әйелдер. Оның 2,8 мыңы кәмелетке толмағандар болды, бір жылда 0,7% азайған. 6,5 мың адам ауруханаға жатқызылды, көрсеткіш былтырғыдан 1,1% көп.
Жыл басынан бері жол апатынан 1,7 мың адам қаза тапты, бұл былтырғыдан 2,1% аз. Қайтыс болғандардың 1,2 мыңы ерлер, 488-і әйелдер. Олардың ішінде 210 адам кәмелетке толмағандар, бір жылда 16% көбейген.
Өңірлер бойынша жол-көлік оқиғаларынан ең көп зардап шеккендер Алматыда (2,8 мың адам), сондай-ақ Алматы (1,4 мың адам) және Жамбыл (1,2 мың адам) облыстарында, ең азы Ұлытауда (67 адам), сондай-ақ Қарағанды және Атырау (әр облыста 362 адам) облыстары.
Биыл тоғыз айда елімізде 4,1 мың қылмыстық көліктік құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғыдан 5,7% аз.
Құқық бұзушылықтардың 69,5%-ы жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу болды: 2,9 мың оқиға. Тағы 22%-ы көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы: 902 құқық бұзушылық.
Өңірлер бойынша көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар көбіне Алматы (418 жағдай), сондай-ақ Алматы (380 жағдай) және Түркістан (309 жағдай) облыстарында тіркелген. Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау облысында тіркелді: 70 оқиға.
Ішкі істер министрлігі автоемтихандарды қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді: енді емтихан тапсыру процесі онлайн трансляция арқылы бақыланады, оқушыларды «Автомектеп» ақпараттық жүйесіне міндетті түрде тіркеу ережесі енгізілді, нәтижесінде тізбелерді түзету мүмкіндігі алынып тасталды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы.
Қазіргі уақытта түзетулердің екінші пакеті әзірленді. Атап айтқанда, оқу курстарынан өткені туралы анықтамалар мен медициналық анықтамаларды электронды форматқа көшіру жоспарланып, жүргізушілерді өздігінен оқытуды жою мәселесі қарастырылуда.