Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, елімізде экономикалық қызмет саласында 384 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 37,5% аз.
Анықтама үшін: былтыр сәйкес кезеңде осындай 614 құқық бұзушылық тіркеліп, көрсеткіш 25,9% азайған.
Өңірлер бойынша экономикалық қызмет саласындағы ең көп құқық бұзушылық Алматы қаласында тіркелді: 66 іс, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 161 іс тіркелген. Жылдық төмендеу 59%.
Одан кейін Шымкент (32 іс, бір жыл бұрын 57 іс болған) және Павлодар облысы (31 іс, бір жыл бұрын 33 іс болған).
Ең аз құқық бұзушылық Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелді: әрқайсысында 4 істен ғана.
Сектордағы ең көп тараған құқық бұзушылық жұмыстарды орындамай, қызмет көрсетпей немесе тауарларды жөнелтпей шот-фактураны беру: бір жыл бұрын осындай 237 іс тіркелсе, биыл 95 іс тіркелді.
Сондай-ақ ең көп тарағандардың қатарында қаржылық пирамида мен заңсыз бизнес немесе заңсыз банктік қызмет бар: тиісінше 64 және 39 іс.
Айта кетейік, мәжіліс депутаттары бизнеске жосықсыз шенеуніктер кедергі келтіреді деп отыр. Атап айтқанда, салық органдары тарапынан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіну еселеп артқан, ал жалған мәміле деп кәсіпкердің өзінің мәмілесін емес, «оның контрагентінің контрагентінің контрагентінің мәмілесі» секілді бірнеше тұлғадан кейінгі және бірнеше жыл өтіп кеткеннен кейінгі, барлық декларациясы тапсырылғаннан кейін «анықталып жатады». Нәтижесінде, бер жақтағы жазықсыз компания зардап шегеді. Оның үстіне мұндай жағдайлар бопсалау және рейдерлік мақсатта жасалады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Алаяқтарды анықтаудың орнына, «мұндай заңсыздықтан қорғануға мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлердің» адал бизнесі құрдымға кетіп жатыр, дейді депутаттар.
ҚР-да алты айда экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген залалдың белгіленген мөлшері 35,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 29,1% артық.
Ең көп сома мемлекетке келтірілген шығынға түсті: 21,7 млрд теңге, жылдық өсім 11,4%. Заңды тұлғаларға келтірілген залал бір жыл бұрын 343,6 млн теңге болса, биыл 10,5 млрд теңге болды. Жеке тұлғаларға 3,7 млрд теңге залал келді, былтыр 8 млрд теңге болған.
Өткен алты айда 1,1 мың адам экономикалық құқық бұзушылықтан зардап шекті, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5 есе көп. Олардың 96,7%-ы, яғни 1 мың адам қаржы пирамидаларынан зардап шеккен. Сондай-ақ жәбірленушілер арасында заңсыз сыйақы беріп қойғандар (22 адам), жалған ақша немесе бағалы қағаздармен кездескендер (3 адам) және т.б бар.
Саладағы қылмыстан зардап шеккендердің ішінде 30–39 жас аралығындағы — 316 адам, 40–49 жас аралығындағы — 284 адам, 21–29 жас аралығындағы — 205 адам, 50–59 жас аралығындағы — 150 адам, 60 және одан жоғары жастағы — 72 адам, 18–20 жас аралығындағы — 36 адам, 16-17 жастағы 4 адам бар.