Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, ҚР «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудыру» бабы бойынша 23 құқық бұзушылық тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыдан 43,8% көп.
Салыстыру үшін: жалпы 2022 жылы (қаңтар–желтоқсан) саладағы құқық бұзушылықтар саны небәрі 46 болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 20,7% аз.
Биыл бірінші тоқсанда мұндай құқық бұзушылықтар ҚР 20 өңірінің 12-де тіркелді. Барлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Ақмола және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында: әрқайсысында 3 істен.
Сонымен қатар, 2022 жылдың барлық он екі айында алауыздық тудыру бойынша құқық бұзушылықтар ҚР 20 өңірінің 15-де ғана тіркелген. Алматы қаласы теріс рейтингте көш бастады: былтыр 8 іс тіркелді, бір жыл бұрын 3 іс болған. Одан кейін Ақмола облысы мен Шымкент: тиісінше 6 және 5 іс.
Жыл басынан бері ҚР-да әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудырғаны үшін 6 адам, бір жыл бұрын 3 адам сотталған. Оның ішінде 4 адам үкім шығарылған кезде 30–39 жас аралығында, бір адам 18–20 және 40–49 жас аралығында болды. 5 адам орта білімді, бір адам жоғары білімді. Сотталғандардың ішінде 5-еуі жұмыс істемейтін және оқымайтын еңбекке жарамды адам.
Бұл ретте президент мемлекет ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылықтарды заң аясында қатаң түрде жолын кесетінін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz. Соңғы кездері әртүрлі фальсификацияланған немесе фейк және деструктивті жарияланымдар айтарлықтай көбейді.