Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Numbeo деректеріне сай елдер бойынша жасалған рейтингте Қазақстан жалақы мөлшері бойынша әлемдегі 96 елдің ішінде 67-ші орында тұр. Елдегі орташа айлық жалақы 582,4 АҚШ долларын құрайды.
Әлемдегі ең жоғары жалақы Швейцарияда тіркелді: айына 7,2 мың АҚШ доллары. Люксембург пен АҚШ рейтингте екінші және үшінші орында: 5,8 мың АҚШ доллары және 4,5 мың АҚШ доллары.
Ал ең төменгі жалақы мына елдерде белгіленді: Кубада 37,6. АҚШ доллары, Мысырда 146,5 АҚШ доллары және Пәкістанда 180,9 АҚШ доллары.
ТМД елдерінің арасында Армения мен Молдовадағы еңбекақы мөлшері Қазақстанға қарағанда жоғары: 608,1 АҚШ доллары және 599,5 АҚШ доллары. Ал Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан және Украина* елдеріндегі жалақы көлемі Қазақстанға қарағанда төмен.
* Бірқатар себептерге байланысты ТМД-да Украинаның статусы талас тудырады.

Қарастырылып отырған әлемнің ірі қалаларының ішінде Алматыда орташа жалақы көлемі 678,5 АҚШ долларын, Астанада 584,5 АҚШ долларын құрады. 335 қаланың ішінен Алматы 238-ші, ал Астана 252-ші орынға ие болды.
Алматы ТМД елдері қалаларының арасында үшінші орында тұр. Бұл рейтингте Мәскеу (1,3 мың АҚШ доллары) мен Санкт-Петербург (854,5 АҚШ доллары) көш бастады. ТМД елдері қалаларының арасында ең төменгі жалақы көрсеткіші Бішкекте (352,6 АҚШ доллары), Харьковта (358,5 АҚШ доллары) және Одессада (395,5 АҚШ доллары) тіркелді.

ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы 403,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға көп. Сатып алу қабілетінің нақты өсімі 1,7%-ға артты.
Жеке салалар бойынша ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады: 878,7 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 23,3%-ға көбірек. Екінші және үшінші орынға тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы (797,6 мың тг), сондай-ақ ақпарат және байланыс секторы (661,3 мың тг) орналасты.
Ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы (251,3 мың теңге), өнер, ойын-сауық және демалыс (260,9 мың теңге) сияқты сала қызметкерлері алады.
Ал өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында тіркелді: 594,4 мың теңге. Сондай-ақ жетекші өңірлердің үштігіне Маңғыстау (579,8 мың тг) және Ұлытау (523 мың тг) облыстары да кірді. Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: 297,3 мың теңге.
