Қазақстандағы тұрғын үй қорын жаңарту қажет: апатты үйлер бір жылда 8% көбейді

Фото: https://www.shutterstock.com/

Елдегі барлық тұрғын үйлердің 30%-дан астамы 1970 жылға дейін салынған

Тұрғын үй қорын жаңарту — халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстандатұрғын үй қорының апаттық деңгейі мен тозу мәселесі шешімін таппай келеді және күн тәртібінде өткір тұр.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың соңына қарай елде 2 мыңға жуық апатты тұрғын үйлер болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3% көп. Онда 29 мыңнан астам адам тұрады.

Оның өзінде Алматы қаласы, сондай-ақ Маңғыстау және Жамбыл облыстары бойынша 2022 жылғы мәліметтерді ҚР СЖРА ҰСБ көрсетпеді. Өйткені бұл өңірлердегі үйлерді апатты деп тану жөніндегі комиссияның отырысы өтпеген.

Жоғарыда аталған аймақтарды есепке алмағанда, ең апатты үйлер Атырау (379 үй) және Ақмола (202 үй) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (195 үй) тіркелді. Көшбасшы бес өңірге Батыс Қазақстан (175 үй) және Абай (127 үй) облыстары да кірді.

Қазақстандағы тұрғын үй қорын жаңарту қажет: апатты үйлер бір жылда 8% көбейді

Апатты үйлер — күрделі мәселе және үлкен қауіп. Бір қызығы, ҚР-да тозығы жеткен, жақын арада апатты үйлердің қатарына қосылатын үйлердің жеке статистикасы жоқ.

Дегенмен, тұрғын үйлердің жылына талдау жасайтын болсақ, жағдай мәз емес. 2022 жылдың соңындағы дерек бойынша үйлердің 30%-ы немесе 746,9 мыңы 1970 жылға дейін салынған, яғни бұл үйлердің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Өңірлер бойынша толық ақпарат төмендегі кестеде берілген.

Мұндай жағдайда тұрғын үйді жөндеу мәселесі бірінші орынға шығады.

Қазақстандағы тұрғын үй қорын жаңарту қажет: апатты үйлер бір жылда 8% көбейді

Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген өңірлерінде 2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Мысал ретінде Алматы қаласының 2021–2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын жаңарту бағдарламасын келтіруге болады. Бағдарламаға сәйкес, қалада 1930–1975 жылдары салынған 1,4 мыңнан астам екі қабатты пайдалану мерзімі өтіп кеткен үй бар. Мұндай үйлерде 60 мыңнан астам азамат тұрады. Бұл үйлердің жартысынан көбі Түрксіб, Бостандық, Жетісу аудандарында орналасқан.

Реновация бағдарламасын жүзеге асыруға уәкілетті ұйым «„Алматы“ ӘКК» АҚ.

Қазақстандағы тұрғын үй қорын жаңарту қажет: апатты үйлер бір жылда 8% көбейді

Бүгінде «„Алматы“ ӘКК» АҚ жұмысының арқасында реновация бағдарламасы аясында қалада Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында 17 тұрғын үй салынып жатыр, тағы 2 тұрғын үй (жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метр 59 пәтер) пайдалануға берілді.

Реновация бағдарламасы басталғалы 374 отбасы қоныстанған. Бұл ретте тек 2022-2023 жылдары тозығы жеткен 254 тұрғын үй иесі қоныстандырылды. Сонымен қатар, уәкілетті органдар Алматы қаласының 2023–2030 жылдарға арналған тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының жаңа, жаңартылған жобасын әзірлеуде.

Қазақстандағы тұрғын үй қорын жаңарту қажет: апатты үйлер бір жылда 8% көбейді

Реновацияның басты мақсаты — тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу. Соның арқасында тұрғындар тұрмыстық жағдайын жақсарта алады. Бұзылған үйлердің иесіне өз үйімен бірдей үй берілген. Әрбір үй иесі сол ауданнан ауданы мен бөлмелер саны бірдей жаңа пәтер алады.

Жалпы, тұрғын үйді жөндеу біреудің қалауы емес, кезек күттірмейтін қажеттілік. Ескі және тозығы жеткен үйлер, бірінші кезекте, адам өміріне қауіп төндіреді. Мұндай үйлерде бірнеше мың адам тұратынын ескерсек, кейінге қалдыруға болмайды.

Қазақстандағы тұрғын үй қорын жаңарту қажет: апатты үйлер бір жылда 8% көбейді