2023 жылдың қаңтар–қараша соңында әуе компаниялары 12,3 млн адамды тасымалдады, бұл былтырғыдан 23,3% көп.
Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау ең көп Алматы қаласында болды: 4,2 млн адам, бір жылда 25,9% көбейген. Одан кейін елорда (3,3 млн адам) мен Шымкент (1,1 млн адам). Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында тіркелді.
Жолаушылар айналымы 23,9 млрд жкм құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–қарашамен салыстырғанда бірден 32,1% көп.
Биыл он бір айда әуе көлігімен жүк пен багаж тасымалдау 21,2 мың тоннаны құрады, бұл былтырғыдан 2,8% аз. Оның 12,7 мың тоннасы Алматыға, 5,5 мың тоннасы Шымкентке, 3 мың тоннасы Астанаға тиесілі.
Осы кезеңде жүк айналымы 47,3 млн ткм құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–қарашамен салыстырғанда 3% аз.
Биыл қарашаның соңында әуе жолаушылар тасымалы қызметі бір жылда 27,5% өсті.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп жылдық өсімі Қызылорда (58,9%), Маңғыстау (53,7%) және Атырау (47,5%) облыстарында байқалды. Ең аз жылдық баға өсімі Қарағанды облысында тіркелді: 1,4%.
Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысында баға былтырғы қарашадағы деңгейде сақталып, Абай, Жетісу және Жамбыл облыстарында әуе жолаушылар тасымалының қызметі арзандаған.
Сонымен бірге, 2023 жылғы қаңтар–қазанда әуе көлігі қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 51,2 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан құндық мәнде 4,7 есе артық.
Инвестицияның барлық көлемі төрт облысқа тиесілі. Ең жоғары көрсеткіш Шымкентте тіркелді: 33,2 млрд теңге, 2022 жылдың қаңтар-қазанында 3,7 млрд теңге болған.
Одан кейін Алматы (12,6 млрд теңге), Астана (5,4 млрд теңге) және Алматы облысы (26,9 млн теңге).