Биыл қаңтар–маусымда Қазақстанда 461 отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық жасалған — бұл бір жыл бұрынғыдан 1 іске (немесе 0,2%) көп.
Бұл ретте, 3 жылдағы динамиканы алып қарасақ, мұндай құқық бұзушылықтардың 8,2% азайғаны байқалады.

Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Павлодар облысында тіркелді: 45 іс — бір жыл бұрынғыдан 2,2% аз.
Қостанай облысы екінші орында: 42 іс, бір жылда 5% көбейген. Одан кейін Алматы облысы тұр: 39 іс, бір жыл бұрынғы 56 іс болған, 30,4% азайған. Отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық ең көп бес өңірге сонымен қатар Қарағанды облысы мен Астана да кірді: тиісінше 37 және 33 іс.
Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Маңғыстау (10 іс), Атырау және Ақтөбе облыстарында (әр облыста 11 істен) тіркелді.

Бірінші жартыжылдықта барлық отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен бірінен астамы немесе 37,1%-ы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге тиесілі: 171 іс — бір жыл бұрынғыдан 12,3% аз.
Сондай-ақ елеулі үлесті денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру иеленді: 157 іс, бір жылда 6,8% көбейген.
Кісі өлтіру (51 іс) және абайсызда денсаулыққа зиян келтіру (9 іс) отбасылық-тұрмыстық салада жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында.
