Бөлшек сауда. Қаңтар–маусым 2022

65 просмотров

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, бөлшек сауда көлемі 6,1 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 13,8% артық. Сауданың физикалық көлемінің нақты өсімі небәрі 1,2%-ды құрады.

Құндық мәнде азық-түлік тауарларын бөлшек саудасы бір жылда 7,9% өсіп 2 трлн теңгеге, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17% өсіп 4,1 трлн теңгеге жетті. Сауда кәсіпорындары мен ұйымдары 4,3 триллион теңгенің, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде базарларда сауда жасайтындар 1,8 триллион теңгенің тауарын сатты.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде еліміздегі бөлшек сауда көлемі 5,3 трлн теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда құндық мәнде 15,9% артық.

Өңірлер бойынша бөлшек сауда тауарларының басым бөлігі дәстүрлі түрде Алматыға тиесілі, республикадағы көрсеткіштің 30,7%-ы. Ақшамен есептегендегі көлемі бір жылда 10,7% өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті.

Елорда екінші орында, былтырғыдан 16,8% ұлғайып 711,2 млрд теңгеге жетті. Үшінші орындағы Қарағанды облысында 5,5% өсіп 506,7 млрд теңгені құрады.

Ресми бөлшек сауданың ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелді, небәрі 39 млрд теңге. Оның алдында Жетісу мен Түркістан облыстары.

Кәсіпорындар көлемі бойынша бөлшек сауданың ең үлкен үлесі шағын компанияларға тиесілі, 3,6 трлн теңге, былтырғыдан 6,9% артық.

Ірі компаниялардың бөлшек сауда көлемі бір жылда 25% ұлғайып 1,6 трлн теңгеге, орта кәсіпорындар үлесі 28,1% көбейіп 825,4 млрд теңгеге жетті.

Қазір Сауда және интеграция министрлігі өндірушілердің сауда орындарына қол жеткізу процесін цифрландыруды жоспарлап отыр.

Жаңа әзірленген нормалар нарық иесіне сауданы ұйымдастыруға, нарықтарға қойылатын біліктілік және инфрақұрылымдық талаптарды белгілеуге, отандық тауар өндірушілердің сауда орындарына бәсекеге қабілетті және еркін қол жеткізуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құруға дербес жауапкершілікті жүктеуді көздейді.