2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР-дан шетелге халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы 495,8 млрд теңге жіберілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7% артық. Маусым айында ғана шетелге рекордтық сома 104,4 млрд теңге жөнелтілді. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш биылғы жылдың сәуірінде (103,6 млрд теңге) және 2021 жылдың маусымында (103 млрд теңге) болған еді.
2022 жылдың қаңтар–маусым айларында ҚР-дан шетелге ААЖ арқылы жіберілген ақша көлемінің жартысы Өзбекстан (130 млрд теңге) мен Түркияға (118,5 млрд теңге) жөнелтілді. Сондай-ақ ҚР-дан аударылған трансферттердің айтарлықтай көлемі Ресейге (86,2 млрд теңге), Қырғызстанға (55,2 млрд теңге) және Грузияға (39,9 млрд теңге) тиесілі.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР-дан шетелге аударылған трансферттердің жалпы көлемінің 76,8%-ы тек «Золотая Корона» жүйеге тиесілі болды: 380,9 млрд теңге, былтырғыдан 3,5% көп. Одан кейін Contact жүйесі тұр, ол арқылы 64,9 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 есе көп. Тағы 30,2 млрд теңге Western Union арқылы аударылды, көрсеткіш 9,8% ұлғайған.