Қазақстандағы 10 ірі кредитор банктің 9-ы 2022 жылдың маусымында несие портфелін ұлғайтты, бірақ тек 3 ЕДБ мерзімі өткен төлемдері бар несиелер көлемін қысқартты

37 просмотров

ҚР ЕДБ несие портфелінің жалпы көлемі бір айда 3,2% немесе 656,2 млрд теңгеге өсіп, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 21,3 трлн теңгеге жетті. Қазақстандағы ең ірі кредитор-банктердің үлесіне 20,1 трлн теңге тиесілі болды, бұл жалпы несие портфелінің 94,2%-ын құрады. ҚР-ның үздік 10 ЕДБ несие портфелінің ай сайынғы өсімі 3,5%-ды немесе 673,8 млрд теңгені құрады.

Несиелер көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі он банктің ішінде 9 қаржы институты 2022 жылдың маусымында несие портфелінің өскенін көрсетті. Олардың ішінде ForteBank көрсеткіші ең жоғары, оның несиелерінің көлемі бір айда бірден 9,6% немесе 94,2 млрд теңгеге өсіп, несие портфелі 1,1 трлн теңгеге жетті. Банктің несие портфелінің өсу динамикасы жалпы сектормен салыстырғанда 3 есе жоғары.

Сонымен қатар, ForteBank-тің ҚР ЕДБ несие портфеліндегі үлесі бір айда 4,8%-дан 5,1%-ға дейін өсті. Айта кетерлігі, банк қаржылық тұрақтылығын сақтай ортырып несиелік портфелін әлі де өсіре алады, өйткені банк активтеріндегі несиелердің үлесі небәрі 37,5%, ал нарықтағы орташа көрсеткіш 54,3%. Сонымен қатар, S&P Global Ratings банктің несиелеуі 10%-15% өседі деп болжайды.

Одан кейінгі орында Еуразиялық банк: несие көлемі 6,7% немесе 59,6 млрд теңгеге өсіп, 948,5 млрд теңгеге жетті. Үздік үштікті маусымда несиелік портфелі 6,2% немесе 45,7 млрд теңгеге өсіп, 786,4 млрд теңгеге жеткен Bank RBK түйіндейді.

Қалған банктер бір айда несие портфелінің 1,1%–5,1% арылығында өсім көрсетті. Атап айтқанда, Отбасы банкі несие портфелі 1,1%, Jusan Bank несие портфелі 5,1% өсті. Алғашқы ондықтың ішінде несиелік портфелі азайған жалғыз банк ҚР аумағындағы барлық ресейлік банктер сияқты біршама қиындықтарды бастан кешіріп отырған Сбербанк болды.

Үздік ондыққа кірмеген басқа банктер бойынша жиынтық несие портфелі 1,4% немесе 17,5 млрд теңгеге азайып, биылғы жылдың маусым айының соңында 1,2 трлн теңгені құрады.

Жыл басынан бері ҚР ЕДБ несие портфелі 5,5% өсті. 2022 жылдың алғашқы 6 айында айлық қорытынды бойынша несие көлемінің азаюы екі рет байқалды. Мәселен, қаңтарда ҚР ЕДБ несие портфелі 0,8%, сәуірде 0,6% төмендеді. Бірақ мамыр айының өзінде елдегі 22 банктің несие портфелінің жалпы көлемі 1,6% өсті.

Несие портфелінің өсуімен мерзімі өткен төлемдері бар несиелер көлемі де өсті және 2022 жылғы маусымда бірден 9% немесе 128,2 млрд теңгеге көбейді. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, мерзімі өткен несиелердің көлемі 1,6 трлн теңгені құраса, бір айда мерзімі өткен несиелердің үлесі 6,9%-дан 7,3%-ға жетті.

Дегенмен, ҚР ЕДБ үздік ондығына кіретін банктердің үшеуінде ғана төлемі кешіккен несие көлемі төмендегенін атап өткен жөн. Олардың арасында несиелердің ай сайынғы өсімі бойынша екі көшбасшы бар: мысалы, ForteBank-тің мерзімі өткен төлемдері бар несиелер көлемі 2022 жылғы маусымда 0,6% немесе 464 млн теңгеге азайып, 79,5 млрд теңгеге дейін, Bank RBK мерзімі өткен несие көлемі 0,9% немесе 352,4 млн теңгеге азайып 37,3 млрд теңгеге дейін, Kaspi Bank мерзімі өткен несие 0,4% немесе 933,2 млн теңгеге азайып, 261,3 млрд теңгеге жетті.