Жаһандық экономиканы жаппай цифрландыру және бизнеске технологиялық шешімдерді енгізу электронды коммерцияның дамуын жеделдете түсті. Ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі — электронды коммерция. Тікелей Қазақстанда соңғы жылдары электронды коммерция жылдам қарқынмен танымал бола бастады. Кейбір азаматтар цифрлық кеңістікке толығымен өтіп, тауарлар мен қызметтерді сатып алудың классикалық түрінен мүлдем бас тартты.
Дегенмен, электронды коммерция мүмкіндіктерін пайдаланбай, «классикалық» шопингті ұстанушылар болып қалатын қазақстандықтар да бар. Ғаламдық желінің кейбір пайдаланушыларының интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алмауының (тапсырыс бермеуінің) себептері қандай? ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының зерттеуіне сәйкес, 2021 жылы интернет пайдаланушылардың 76,6%-ы мұндай қажеттіліктің жоқтығын атап өткен. Қолданушылардың 17%-ы өзі сатып алғанды қалау, тауарлар көз алдында, дүкендерге, сауда орталықтарына деген бейілділікті алға тартты.
Пайдаланушылардың тағы 4,3%-ы тәжірибенің жеткіліксіздігін, 2%-ы тауарларды алу немесе қайтарып беру мүмкіндігіне сенімсіздікті, 1,5%-ы интернет желісі арқылы тапсырыс берілген тауарларды жеткізумен байланысты мәселелерді, 1,2%-ы төлем қауіпсіздігі мәселелерін атады.
Электрондық коммерцияның танымалдылығының ең үлкен өсуі 2020 жылғы карантин кезінде байқалды. ҚР бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі ішкі электрондық коммерцияның үлесі 4,1%-ға жетті. Сонымен бірге, 2021 жылдың өзінде үлес 3,6%-ға дейін төмендеді.
Айта кету керек, электронды коммерция жалпы сауданы дамытудың басым бағыттарының бірі. Сәйкесінше, көрсеткіштің төмендеуі бұл бағыттың дамуының бәсеңдегенін көрсетеді.