Ауылдардағы интернет: Қазақстан және өзге елдер, соның ішінде АҚШ тәжірибесіне шолу

238 просмотров

Пандемия жер бетіндегі барлық адамдардың өміріне өзіндік түзетулер енгізді. Атап айтқанда, интернеттің рөлі өмірлік қажеттілік деңгейіне дейін өсіп, оны қоғамның барлық деңгейлерінде — мемлекеттің, бизнестің, сондай-ақ қарапайым азаматтар өмірінің маңызды бөлігіне айналдырды.

Алайда егер біреулер үшін «коронадағдарыс» тек интернетті пайдалану көлемінің күрт өсуін білдірсе, басқалары үшін пандемия цифрлық оқшаулануға алып келді. Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) мәліметінше, 2021 жылы 4G ұялы байланысы әлем халқының 88%-ын қамтыды, бірақ елдер мен аймақтар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болды.

Интернетке қолжетімділік деңгейі тұратын жеріңізге байланысты айтарлықтай өзгереді. Бүкіл әлем бойынша қала халқының ауыл халқымен салыстырғанда дүниежүзілік желіге кіру мүмкіндігі шамамен екі есе көп. Ауылдықтардың 39%-ы, қалалықтардың 76%-ы интернетке қолжетімді. Алайда, бұл айырмашылық аймақтарға байланысты да өзгереді. Еуропада қала тұрғындарының 87%-ы, ауыл тұрғындарының 80%-ы, Солтүстік және Оңтүстік Америкада тиісінше 83% және 60%, ТМД елдерінде көрсеткіш тиісінше 85% және 69%.

Цифрлық теңсіздіктік жоғарылығы, ең бастысы, интернетке қосылу мүмкіндігінің бірдей еместігі көп жағдайда интернет-инфрақұрылымға инвестицияның жетіспеушілігімен байланысты.

Қазақстанда 2020-2021 жылдар аралығында телекоммуникация саласына рекордтық инвестиция құйылды: бірден тиісінше 140,9 млрд және 128,6 млрд теңге.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР-да ақпарат және байланыс саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 46,9 млрд теңгені құрады.

2021 жылы Қазақстанда 6 және одан жоғары жастағы интернетті пайдаланушылардың үлесі жалпы халықтың 90,9%-ын құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Көрсеткіштер 2020 жылы 85,9%, 2019 жылы 81,9% болған. Елді мекен түрі бойынша алшақтық небәрі 3,4 п. т. дейін қысқарды: қалалардағы желіні пайдаланушылардың үлесі 2020 жылғы 87,7%-дан 2021 жылы 92,2%-ға дейін, ауылдық жерлерде 83,4%-дан 88,8%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіштер әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай жақсырақ.

Ауылдарды жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етуді көздейтін 250+ жобасын жүзеге асыру арқылы интернетке қол жеткізудегі теңсіздікті жоюда айтарлықтай ілгерілеушілік болды. Жоба Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторлары — Beeline, Kcell және Tele2/Altel жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

250+ жобасын озық жоба ретінде жоғары бағалаған GSMA Intelligence мәліметтері бойынша, мобильді интернеттің Қазақстандағы бірегей абоненттер нарығына енуі 2020 жылы шамамен 70%-ды құрады. Қазақстан халқының 42%-ы ауылдық жерлерде тұратындықтан ауылдың экономикалық дамуы үшін жоғары жылдамдықты байланысты кеңейту үкімет жұмысының басым бағыты.

Жоба басталған 2020 жылдан бері Beeline 1500-ден астам ауылды интернетке қосты. Оның ішінде 215 елді мекен бекітілген тізімнен тыс, өз бастамасымен қосылды. Kcell өз кезегінде 2020 жылы 329 ауылдық елді мекенде базалық станциялар орнатты, соның ішінде 130 ауыл міндеттемеден тыс, өз бастамасымен интернетке қосылды. 2021 жылы компания 213 ауылды интернетпен қамтамасыз етті. Осы аралықта «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына кіретін Tele2/Altel «250+» бағдарламасы аясында 238 ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, кейін бұл маңызды жобаны қолдауды жалғастырды.

Beeline Қазақстанның мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі трафик көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 42% өсті, Атыраудағы 18%-дан Солтүстік Қазақстан облысында 67%-ға дейін.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, ҚР-дағы 6,4 мың елді мекеннің 5 мыңға жуығы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып дүниежүзілік желіге қосылған. Бұл елді мекендерде халықтың 99%-ы тұрады. Қалған 1,4 мың елді мекенде 250 мыңнан 270 мыңға дейін адам тұрады, бұл кез келген технологияны енгізу қымбат немесе техникалық жағынан өте қиын шағын ауылдар. Оның ішінде 500-ге жуық елді мекенді ҚР телекоммуникацияны қолдаудың әртүрлі тетіктерін (мысалы, салықтық жеңілдіктер) пайдалана отырып, дербес қамтуы мүмкін. Ал қалғанын Starlink және OneWeb сияқты геостационарлық емес спутниктік шоқжұлдыздардың технологияларын пайдалану арқылы ғана қамтуға болады.

Интернетке тең және сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету — дүние жүзіндегі мемлекеттердің мақсаты. Қазақстанда бұл мәселені жеткілікті түрде пысықталған деп санауға болады, ал басқа елдер, соның ішінде дамыған елдер де бар, бұл мәселені шешуде әлдеқайда төмен деңгейде.

Мысалы, АҚШ-та көптеген ауыл тұрғындары әлі де интернетке жеткілікті қолжетімділікке ие емес: 30 млн-нан астам америкалықтар ең төменгі жылдамдықты қамтамасыз ете алатын кең жолақты инфрақұрылымы жоқ аймақтарда тұрады — бұл елдегі ауылдардың ерекше мәселесі.

АҚШ федералды үкіметі ауылдық жерлерде кең жолақты желіге қолжетімділікті жақсарту және оған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қосу «Инфрақұрылым және жұмыс орындарын инвестициялау туралы заң» арқылы 65 млрд доллар бөлді. Бұл заң АҚШ-тағы цифрлық теңсіздікті азайтатын Америкалық құтқару жоспарының бөлігі ретінде «тарихи» деп танылды, ол 100 жыл бұрын бүкіл елді электрлендірумен пара-пар саналады және оған үлкен мән беріледі. Заң жобасы сонымен қатар арзан тарифты жоспар ұсынып қаржыландыру арқылы интернет қызметтің бағасын төмендетуге көмектеседі. Әрбір төрт үй шаруашылығының төрттен біреуінен астамының осы жаңа қолжетімді қызметке қосыла алады.

Біріккен Корольдікте үкімет гигабиттік кең жолақты қол жеткізу қиын аудандарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Gigabit жобасына 5 млрд фунт стерлинг инвестициялауда. Үкімет пен төрт ұялы байланыс операторы 4G ұялы байланысын 95%-ға дейін арттыру үшін бірлескен инвестиция ретінде тағы 1 млрд фунт стерлинг бөлді. Цифрлық құрылысқа Цифрлық, мәдениет, БАҚ және спорт бөлімі демеушілік жасайды.

Gigabit жобасы Ұлыбритания тарихындағы ең үлкен кең жолақты орналастыру және премьер-министрдің қауымдастықтарды алдағы қырық жыл ішінде қажет болатын болашаққа сенімді байланыспен қамтамасыз ету жоспарының бір бөлігі болып табылады. Корольдіктегі 500 мыңнан астам ауылдық үйлер мен кәсіпорындар жоғары сапалы жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізе алады.

Бүкіл әлем интернетке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаулы, бұл салада мемлекеттік жобалар жүзеге асырылып қана қоймай, коалициялар да құрылуда.

Мысалы, Қолжетімді интернет альянсы дамыған және дамушы елдердегі жеке, мемлекеттік және коммерциялық емес секторларды қамтитын әлемдегі ең ірі технологиялық сектор коалициясы. Альянс интернетке қол жеткізу құнын төмендету және әлемнің кез келген нүктесінен желіге кіру мүмкіндігін арттыруға жұмыс істейді.