ҚР-да коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалған?

61 просмотров

Бүгінгі таңда Қазақстанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары қолданылады, мұнда коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға техникалық шарттарды беру тәртібі көзделген. Техникалық шарттар (ТШ) деп реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар ұғынылады.    

Техникалық шарттарды* алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Мемлекеттік корпорацияға немесе табиғи монополия субъектілерінің (ТМС) кеңсесіне жүгінуге болады. Жүгінген кезде өтінім нысан бойынша толтырылады және қағидаларда көрсетілген тізім бойынша тиісті құжаттар қоса беріледі: 

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша ТМС төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 

1) техникалық шарттарды береді;

2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.

*құрылыс объектілерін ТМС желілеріне қосуға ТШ беруді қоспағанда   

Айта кету керек: Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменттері (ТМРК) тұтынушыларды келесілер туралы ақпараттандыру мақсатында ТМС ресми сайттарында ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыстардың талдауын жүйелі түрде жүргізіп отырады: 

• бос және қол жетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілетінің резерві, бар-жоғы туралы ақпарат;

• реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемалары;

• бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы (ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда).

Реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша ТМС-тың, оның ішінде меншікті интернет-ресурсы жоқ субъектілердің қызметі туралы қосымша ақпарат жалпыға қол жетімді ҚР ҰЭМ ТМРК сайтында орналастырылған.

Назар аударайық: реттелетін қызметке қол жетімділікті ұсынған кезде ТМС бірқатар шектеулерді сақтауы тиіс.  ТМС тарапынан сол заңмен көзделген шектеулерді сақтамауы тұтынушылар құқықтарының және олардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.  

Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұзылған құқықтарды қорғау мақсатында әрекет ету шараларын қабылдайды. Жоғарыда аты аталған нормалардың бұзылуы туындаған жағдайда, тұтынушы растайтын құжаттарды қоса беру арқылы ҚР ҰЭМ ТМРК өңірлік департаменттеріне жүгінуге құқылы.