Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны. Қазан 2022
Биылғы 1 қарашада елімізде 1,5 млн жеке кәсіпкер тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыдан 20,4% артық.
Олардың 92,2%-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер: 1,4 млн субъект, жылдық өсім 25,6%. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары өсім.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматыда: 184,3 мың субъекті — бір жыл бұрынғыдан 53,8% артық. Үздік үштікке сондай-ақ Түркістан облысы (163,7 мың субъекті, 21,9% көбейген) және Астана (130,6 мың субъекті, 27,5% көбейген) кірді.
Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер ең аз өңірлер Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында.

Жұмыс істеп тұрған ЖК-ның үштен бірінен астамы сауда және автокөлік жөндеу саласында жұмыс істейді: 505,3 мың, былтырғыдан 40,6% көп. ЖК ең көп жұмыс істейтін салалар сонымен қатар ауыл, орман және балық шаруашылығы (245,2 мың, 0,9% көбейген) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (72,5 мың, 11,6% көбейген).
Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ЖК саны айтарлықтай өсті, 2,6 есе өсскенімен, бар болғаны 98 ғана. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (77,4% көбейіп 64,8 мыңға жетті) және білім беру (49,7% көбейіп 20,8 мыңға жетті) салаларында айтарлықтай көбейді.

Бұл ретте Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы.
Отырыстың күн тәртібінде реттеушілік әсерді, соның ішінде дербес деректер мен оны қорғау туралы ҚР заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау қызметін талдау нәтижелері бойынша денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, «Атамекен» ҰКП ұсынған кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілетін реттеушілік актілерді қарау міндеттемесі тұрды.