Елімізде білім беру қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі сәл көтерілді. Мәселен, мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттанғандардың үлесі бір жылда 2022 жылғы 48,4%-дан 2023 жылы 49,4%-ға, орта жалпы білім беруде — 49,2%-дан 50,3%-ға, орта-арнайы білім беруде — 43,7%-дан 46%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімде — 42,1%-дан 44,9%-ға дейін өсті.
Сонымен қатар, білім беру қызметінің сапасына қанағаттанбау деңгейі төмендеді. Мектепке дейінгі білім беру сапасына көңілі толмайтындардың үлесі 1,8%-дан 1,4%-ға, орта жалпы білім беруде — 1,9%-дан 1,7%-ға, орта-арнайы білім беруде — 1,8%-дан 1,7%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде — 2%-дан 1,8%-ға төмендеді.
Сонымен қатар, бір жыл ішінде білім беру қызметінің қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі, керісінше, төмендеді. Атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанатын респонденттердің үлесі 51,8%-дан 50,7%-ға, орта жалпы білім беруде — 59,8%-дан 59,7%-ға төмендеді. Бұл ретте орта-арнайы білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанғандардың үлесі 47,2%-дан 47,8%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгіде — 40,5%-дан 41,9%-ға өсті.
Білім беру қызметінің қолжетімділігіне қанағаттанбау деңгейі де төмендеген. Мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне көңілі толмайтындардың үлесі 2,4%-дан 2,3%-ға, орта білім беруде — 1%-дан 0,7%-ға, орта-арнайы білім беруде — 1,3%-дан 1,1%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде — 2,8%-дан 2,1%-ға төмендеді.
Респонденттердің пікірі олардың әл-ауқат деңгейіне байланысты (субъективті өзін-өзі бағалауға сәйкес) таңқаларлық әртүрлі болды. Білім беру саласындағы қызмет көрсету сапасына қанағаттанбағандардың аз қамтылғандар арасындағы үлесі 24,7%-дан (орта жалпы) 28,2%-ға (орта-арнайы және мектепке дейінгі) дейін өзгерді. Өздерін орта тап деп таныстырған респонденттердің арасында қанағаттанбағандардың үлесі 1,5%-дан 1,8%-ға дейін болды. Жоғары деңгейде қамтамасыз етілгендер арасында білім саласындағы қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтындар болған жоқ.
Табысы аз қазақстандықтар арасында тек мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанбау деңгейі жоғары болғанын атап өткен жөн: 35,9%. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанбағандардың үлесі 11,4%-ды құраса, орта жалпы және орта-арнайы білім беруде тиісінше небәрі 3,5% және 5,3%.
Әлеуметтік деңгейі неғұрлым жоғары болса, білім беру саласындағы қызметтердің сапасына да, қолжетімділігіне де қанағаттанбаған қазақстандықтардың үлесі соғұрлым аз болды.