Қазақстанда қанша «виртуалды суды» тұтынады? ҚР-дың «су жолы» АҚШ-қа қарағанда қысқа, бірақ Канадаға қарағанда, ұзынырақ

161 просмотров

2020 жылы сумен қамтамасыз ету кәсіпорындары желіге 2,4 млрд куб. м су берді – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, 3,1% көбірек. Судың төрттен бір бөлігі тазарту құрылыстары арқылы өткізілді.  

Тұтынушыларға берілген судың мөлшері 1,2 млрд куб. м құрады – бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 3,8% көбірек. Оның ішінде, халыққа берілген судың мөлшері 47,6% немесе 573,7 млн куб. м берілді, бір жыл ішінде бірден плюс 7%. 

Ең көп судың мөлшері Алматы (76,3 млн куб. м, бір жылда плюс 5%), Шымкент (55,1 млн куб. м, жылына бірден плюс 11,9%) және Қарағанды облысының (54,2 млн куб. м жылына плюс 1,5%) тұрғындарына берілді.

Жалпы ел бойынша бір тұрғынға шаққандағы орта тәуліктік су беру мөлшері 83,8 литрді құрады – өткен жылға қарағанеда 5,7% көбірек.  

Ең үлкен мөлшерлер (бір тәулікте бір тұрғынға 174,3 литр), Шымкентте (142,9 литр) және Нұр-Сұлтан (127,7 литр) байқалады. 

Ең төмен көрсеткіш Түркістан (47,2 литр), Алматы (51,4 литр) және Жамбыл (52,2 литр) облыстарында тіркелген.

Су беру процесі – күрделі әрі көпсатылы. ҚР-да оның үлгісі келесідей:  сумен қамтамасыз ету саласындағы ұйымдар суды сатып алады және сорғы станцияларының көмегімен магистральды құбырлар арқылы оны тазарту құрылыстарына дейін жеткізеді, мұнда ауызсу күйіне дейінгі суды сүзгілеу және тазалау процесі жүреді. Бұдан кейін ауызсу тарату желілері арқылы тұтынушыларға беріледі. 

Жылдың басында ҚР-да суцмен қамтамасыз ету секторында 865 кәсіпорны мен олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жұмыс істеді; 3,79 мың су өткізгіш құрылыс жұмыс істеді (жылына +16,3%), олардың арасында 3,28 мың (жылына +20,3%) су жинау құрылысы және 381 (+7%) су тазарту құрылыстары.

ҚР халқы үшін сумен қамтамасыз ету құны бір жылдың ішінде қатты өзгерген жоқ. Сөйтіп, суық судың бағасы он айдың қорытындысы бойынша, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда,  3,5%, ал ыстық су – небәрі 1,4% ғана қымбаттады.   

Анықтама үшін: 2020 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша суық су бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, 2,7%, ыстық су – 1,7% арзандады.

Атап өту керек: Қазақстанда әлем бойынша ең елеулі «су жолдарының» бірі. «Су жолы» түрлі деңгейдегі сумен пайдалану дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді – тікелей, сол сияқты «виртуалды». «Виртуалды су» - бұл адамдар күнделікті сатып алатын және пайдаланатын азық-түлікте, қызметтер мен процестерде жасырылған су. «Виртуалды су» өнім немесе көрсетілетін қызметтің тұтынушысы үшін көзге көрінбейтін болса да, ол құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегінде қолданылады және сол өнімдер мен көрсетілетін қыз меттің өндірілуіне жол береді.  

Қазақстанда «су жолы» орта есеппен күніне бір адамға 1,72 мың галлонды* (немесе 6,5 мың литрді) құрайды. Салыстыру үшін: АҚШ-та «су жолы» күніне бір адамға 2,2 мың галлонды, Канадада – небәрі 1,69 галлон, Ресейде – 1,34 мың, Қытай – небәрі 775 мыңды құрайды. 

Сөйтіп, тіпті, әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанның өзінде, «виртуалды суды» қоса алғанда, ҚР-да суды тұтыну жоғары деп саналады.  

* Америкалық галлон ≈ 3,785 литр.

Қазақстандықтар суды үнемдеу туралы сирек ойланады. Бұған, өзге себептердің арасында, елдегі сумен қамтамасыз етудің төмен бағасы да себепкер. Сөйтіп, Еуропаның ірі қалаларымен салыстырғанда, сондай-ақ ресейлік қалаларды да қоса алғанда, ҚР-дағы құбырлық суық судың бағасы бірнеше мәрте төмен.   

Waternewseurope.com деректері бойынша, Еуропадағы ең қымбат қалалар — Осло (Норвегия), Штутгарт (Германия) және Копенгаген (Дания). Бұл жерлерде құбырлық судың кубометрінің құны 4-5 еуро. 

Салыстыру үшін: Нұр-Сұлтанда суық судың бір кубометрі 0,1 тұрады, Алматыда – 0,96 еуро. Тіпті Санкт-Петербургте сумен қамтамасыз етудің құны төрт есе (0,36 еуро), ал Мәскеуде шамамен бес есе (0,45 еуро) жоғары. Орта есеппен, Ресейде суық сумен қамтамасыз ету үшін бағалар, ҚР-ға қарағанда, үш есе жоғары. Айта кету керек, орта есеппен РФ-тегі жалақы қазақстандық жалақыдан тек үштен бір бөлігіне ғана жоғары.     

ҚР мен РФ бойынша деректер ҚР СЖжРА ҰСБ және Росстаттан алынған; бұл ағымдағы жылдың наурыз айындағы деректері, өйткені еуропалық рейтинг, негізінен, ағымдағы жылдың қысқы/көктемгі бағаларын есепке алады.

Discoverwater деректері бойынша, тек түрлі ағып кету мен құбырлармен туындайтын түрлі проблемалар салдарынан күн сайын 2,95 млрд литр су босқа ағып кетеді. 

Айтарлықтай қарапайым ұсыныстар бар, соларды сақтай отырып, әр үйде судың шығынын едәуір қысқартуға болады.