«Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық. Қаңтар 2023
Биылғы қаңтар айында елімізде «Алаяқтық» бабы бойынша 3,6 мың құқық бұзушылық тіркеліп үлгерді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 43,8% көп.
Салыстыру үшін: 2022 жылдың бірінші айында 2,5 мың алаяқтық оқиғасы тіркелді, ол кезде көрсеткіш 38,1% азайған.
Биыл барлық істердің жартысына жуығы (дәлірек айтсақ 45%-ы) интернет-алаяқтық болды: 1,6 мың құқық бұзушылық. Елімізде сондай-ақ төлем карталарымен алаяқтық бойынша 21 қылмыстық құқық бұзушылық, несие беруде 12 және қарызға ақша алу арқылы 1 алаяқтық қылмыс тіркелді.
Биылғы қаңтар айында барлығы 13,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 27%-ы «Алаяқтық» бабы бойынша.
Өңірлер бойынша сектордағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 755 оқиға — бір жыл бұрынғыдан 86,9% артық. Одан кейін Астана (668 жағдай, 82,5% көбейген) және Атырау облысы (204 жағдай, 75,9% көбейген).
«Алаяқтық» бабы бойынша ең аз құқық бұзушылық Ұлытау облысында тіркелген: 40 жағдай. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (65 жағдай) және Түркістан (73 жағдай) облыстары.
Көбінесе сала бойынша құқық бұзушылықты жұмыссыздар жасаған: 462 адам. Сондай-ақ алаяқтардың арасында 16 жұмыскер, 12 мемлекеттік қызметкер, 4 жеке кәсіпкер, 4 студент, 2 әскери қызметкер бар.
Биыл «Алаяқтық» бабы бойынша құқық бұзушылықпен келтірілген шығын 59,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекетке 46,2 млрд теңге, жеке тұлғаларға 13,7 млрд теңге, заңды тұлғаларға 35,1 млн теңге залал келтірілген.