2022 жыл Қазақстанның сыртқы көші-қон векторын өзгертті. Соңғы онжылдықта алғаш рет өзгеше үрдіс байқалды. Соңғы бір жылда эмигранттар саны 8 мың адамға — 32,3 мыңнан 24,2 мың азаматқа қысқарды. Сонымен қатар, Қазақстанды тұрақты тұратын ел ретінде қарастыратын келушілер саны да арта түсті. Егер 2021 жылы мұндай 11 мың шетелдік болса, 2022 жылы олардың саны 56,7% артып, 17,3 мың адамға жеткен. Осы екі фактор көші-қон теңгеріміне елеулі әсер етті, келгендерге қарағанда кеткендер көп болғанымен, жалпы үрдіс оң.
Миграция сальдосы, яғни кеткендер мен келгендердің айырмашылығы соңғы он жылда теріс болды. Жыл сайын бұл алшақтық арта түсті. Егер 2014 жылы бұл көрсеткіш минус 12,2 мың болса, 2019 жылы Қазақстан халқы көші-қон ағынының жоғары болуына байланысты 33 мың азаматқа қысқарды.
Пандемия кезіндегі локдаунға байланысты кетушілер жоспары орындалмай қалды. 2020 жылы сальдо минус 17,7 мың болды. 2020 жылы кетуі тиіс болып кете алмай қалғандар 2021 жылы көшті. Бұл бірден Ұлттық статистика бюросының статистикалық есептерінде көрініс тапты: кеткендер санының өсуі байқалды, ал сальдо минус 21,2 мың адамға жетті. Ал былтыр бұл айырмашылық небәрі 6,9 мың адамға дейін қысқарды.
Жалпы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдан 2022 жылдың қазан айына дейін елден 367,1 мың адам кеткен. Еңбекке жарамды эмигранттардың 38%-ы жоғары, 34%-ы орта кәсіптік білімге ие. Сонымен қатар, соңғы 10 жылда елімізге келген жоғары білімі бар шетелдіктер саны екі еседен астамға азайған.
Неліктен 2022 жылы эмигранттар саны азайды? Жауап айқын — әскери қақтығыстар мен санкциялар кезеңінде халықтың Ресейге көшуді қаламауы — статистика растайды. Өйткені 2021 және 2022 жылдардағы эмигранттар санындағы айырмашылық негізінен Ресей Федерациясына кеткен қазақстандықтар санының азаюына байланысты болды. Мұндай адамдар бірден 27,1% немесе 7,2 мың адамға азайды (жалпы эмигранттар саны 8 мың адамға азайды).
Көшіп кетуші славян қазақстандықтар саны азайды. 2022 жылы Қазақстаннан кетуге шешім қабылдаған орыстар саны 5,7 мыңға — 21,8 мыңнан 16,1 мың адамға дейін қысқарды. Көшіп кеткен украин мен белорус саны 700-ден астамға азайды. Статистикаға немістер де әсер етті: Қазақстаннан осы ұлттың 2,3 мың өкілі кеткен (2021 жылмен салыстырғанда 694 адамға аз). Осы ұлттар соңғы он жылда негізгі көшіп кетуші ұлттар.
Қазақстанға келушілер санының артуына не әсер етті? Ресейлік қоныс аударушылар Қазақстанға келушілердің көбеюіне ішінара ғана әсер етті. Қазақстанға қоныс аударған 17,3 мыңның ішінде ресейліктер тек үштен бірін немесе 5,9 мың адамды құрады (бірақ айтарлықтай 2,4 мың адамға көбейген).
ҚР-ға көшіп келушілердің ең көп үлесін Өзбекстан азаматтары құрады (6,5 мың адам, өсім 2,4 мың адам).
Бұл мәліметтердің ішінде миграцияның екі толқыны — наурызда соғыс басталғанда және РФ-жағы резервтегілердің «жартылай мобилизациясы» кезінде елге келген жүздеген мың ресейлік мигранттар саны көрсетілмеген? Мәселе мынада, ҰСБ көші-қон статистикасында Қазақстанға тұрақты тұруға келген және мемлекеттік органдарға тиісті өтініш бергендер ғана есепке алынады.
Мұны Ішкі істер министрлігінің деректер базасы растап отыр. Дереккөзге сәйкес, 2022 жылы Ішкі істер министрлігінің мамандары шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша 24,4 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қалғандары уақытша келгендер.
ҚР заңнамасына сәйкес, 2022 жылы Қазақстанға 90 күнге дейін келген ЕАЭО елінің азаматы тек Ішкі істер министрлігінің визалық-көші-қон порталында немесе ХҚКО-да тіркелуі қажет. Ұзақ тұруды шешкендер өз шешімін негіздеп, уақытша тұруға рұқсат (УТР) алуға өтініш беруі керек. Соңғы бір жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шынымен өсті: 374,9 мыңнан 469,3 мыңға дейін (25,2% көбейген).
Қазақстанда уақытша тұрған экономикалық белсенді шетелдіктер санын анықтайтын тағы бір фактор жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруге өтініштер саны. Былтыр ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің мамандары шетел азаматтарға ЖСН беру бойынша 733,7 мың қызмет көрсеткен.
Былтыр желтоқсан айының басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2027 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. Бұл стратегиялық құжат қордаланған мәселелерді шешуге арналған тапсырмалар жиынтығы ретінде жасалған. Сыртқы көші-қонда біліктілігі жоғары жұмысшылардың кетуі және олардың біліктілігі төмен мамандармен ауыстырылуы, халықтың, әсіресе жастардың арасында көшкісі келетіндердің көбеюі күн тәртібінде тұрған мәселелер.
Осы жағымсыз факторлардың қысымын төмендету үшін министрлік не ұсынады? Тұжырымдама бірнеше кезеңнен тұрады. Соның бірі — мамандарды тарту бағдарламасын әзірлеу. Жоспарланғандай, Қазақстанның «цифрлық көшпенділердің» және экономикаға қажетті басқа да кадрлардың өмірі мен жұмысына қолайлы елге айналуын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін шетелдік IT мамандарының Қазақстанда тұрып шетелдік компанияларда қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы Neo Nomad Visa енгізілмек. Тағы бір орта мерзімді мақсат — қазақстандық студенттердің өз елінде білім алуын, басқа елдерге диплом алу үшін кетпеуін қамтамасыз ету. Ол үшін жоғары білім сапасын арттырып, шетелдік талапкерлерді тарту қажет.
Ведомство өкілдерінің алға қойған мақсаты — Қазақстанның сыртқы көші-қон сальдосы жыл сайын азайтып, 2027 жылға қарай «минустан шығу». Мақсат — кем дегенде плюс 100 адам сальдосы.
Басқа нысаналы көрсеткіштерге Қазақстанға көшіп келушілерге қойылатын біліктілік талаптары кіреді. Тұжырымдамада 2027 жылға қарай колледж немесе университет білімі бар иммигранттардың үлесі 73,5% болуы керек деп көрсетілген.