Қазақстандықтардың тек 39%-ы ғана спортпен айналысады. Спорт орталықтары, алаңдар және… адамның қалауы жетіспейді

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанды спорт елі деп атауға қиын. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің (МСМ) дерегінше, дене шынықтырумен тек 38,5% немесе 7,6 млн адам жүйелі түрде айналысады. Ал олардың жартысына жуығы мектепте дене шынықтыру сабағына қатысатын балалар (3,3 млн адам) екенін ескерсек, барлығы 4,3 млн азамат шығады. Студенттер мен кәсіби спортшыларды алып тастаңыз — тіпті аз болады.

Өңірлер бойынша тұрғындардың 42,1%-ы фитнес-орталықтарға баратын ең спорттық қала деп Шымкентті айтуға болады. Рейтингте 41,9% көрсеткішпен Қостанай облысы екінші орынды иеленді. Қола медаль — Солтүстік Қазақстан облысында: 40,2%. Ұлытау облысы аутсайдер болды, онда тұрғындардың тек 32,1%-ы тұрақты дене шынықтырумен айналысады.

Алдағы алты жылда тиісті ведомство қазақстандықтардың спортпен айналысуының жалпы көрсеткішін 50% дейін жеткізуге ниетті. ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жыл сайын бұқаралық спортқа қатысу деңгейі кемінде 2% өсетіні көрсетілген. Төменде біз бұл үшін не істеу керек деген сұраққа ораламыз.

Қазақстандықтардың тек 39%-ы ғана спортпен айналысады. Спорт орталықтары, алаңдар және… адамның қалауы жетіспейді

МСМ балалар спортының статистикасы бойынша да оптимистік болжамдар жасайды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, спорт үйірмелерінде жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі 27%-ды құрауы тиіс, 2029 жылдың соңына қарай 45%-ға жетуі тиіс. Яғни, шенеуніктердің жоспарлары бойынша, алты жылдан кейін әрбір екінші бала кез-келген үйірмеге үнемі барып тұратын болады. Болжам орындалуы үшін елімізде жыл сайын кемінде 800 спорт үйірмелері мен секциялары, соның ішінде жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы бюджет есебінен ашылуы тиіс.

Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы тиісті ведомствоның нысаналы индикаторлары өте жақын, халық саны мен туу деңгейінің өзгеруінің нақты есептеулеріне негізделмеген, бюджет мүмкіндіктеріне байланысты емес деп болжауға болады. Халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшылар жыл сайын жеңіп шығуы тиіс медальдар саны бойынша министрліктің жоспарлары да қиялға ұқсас. Тұжырымдамада биылғы жылы медальдардың саны кемінде 830, келесі жылы — 850 және одан да көп болады делінген. Қазақстандық спортшыларға жүктелетін жоспар 2029 жылға қарай — 900 медаль.

Қазақстандықтардың тек 39%-ы ғана спортпен айналысады. Спорт орталықтары, алаңдар және… адамның қалауы жетіспейді

Неліктен көптеген қазақстандықтар (негізінен ересектер) дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналыспайды деген сұраққа МСМ өкілдерінің бірнеше жауап нұсқалары бар. Себептердің бірі — қалалар мен ауылдардың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуінің салыстырмалы түрде төмен болуы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш небәрі 50% болды. Өңірлерде тек спорт орталықтары мен залдар ғана емес, тіпті тым қымбат емес нысандар — велосипед жолдары, көше тренажерлері, жаяу жүру жолдары және т. б. жетіспейді. Желтоқсан айының соңына дейін жоспар бойынша көрсеткіші 52%-ға дейін, 2029 жылға қарай 65%-ға дейін ұлғайтылуы керек.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда барлығы 43,1 мың спорт нысаны бар. Былтыр оның саны 1,3% ғана өсті. Көп бөлігі (61,5%) жазықтық деп аталатын нысандардан тұрады — көше спорт алаңдары, ашық футбол алаңдары, корттар, тренажер кешендері, веложолдар және т. б. төбесі мен қабырғалары бар күрделі құрылыстар бар болғаны 16,6 мың немесе 38,5%.

Қазақстанның барлық спорттық инфрақұрылымының негізгі бөлігі (58,7%) мектептер мен басқа да білім беру мекемелері жанындағы нысандар. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 83,9% (СҚО), 75,7% (ШҚО) және 70,8% (Түркістан облысы) дейін жетеді. Жалпы, өңірлер бойынша спорттық инфрақұрылым нысандарының саны бірдей емес және көбінесе халық санымен байланысты емес. Мысалы, 1,1 млн халқы бар Қарағанды облысында 2,8 мың спорт нысаны бар. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 532,8 мың азаматқа арналған 3 мың әр түрлі спорт залдары, клубтар мен алаңдары секілді спорт нысаны орналасқан.

Қайда, қанша және не жетіспейтінін көру үшін МСМ жыл соңына дейін барлық қолданыстағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен стадиондарды толық түгендеуге ниетті. Алдағы алты жыл ішінде ведомство 113 жаңа спорт ғимаратын және бюджеті төмен жазықтық спорт нысандарының белгісіз санын салуға тапсырыс беруді жоспарлап отыр. Тұжырымдамада соңғылардың саны белгіленбеген.

Қазақстандықтардың тек 39%-ы ғана спортпен айналысады. Спорт орталықтары, алаңдар және… адамның қалауы жетіспейді

Халықтың бұқаралық спортқа аз қатысуының тағы бір себебі тұжырымдама авторлары жұмыс берушілердің бұған деген қызығушылығының төмендігін айтады. Егер мектеп немесе секция оқушылар үшін спортқа жағдай жасаса, студенттер үшін ЖОО, ал жұмыс істейтіндердің өмірінде дене шынықтырумен айналысудың бір нұсқасы корпоративтік спорттық іс-шаралар болуы мүмкін. Алайда, жүйелі түрде веломарафондар, жарыстар, ұжым үшін спорт күндері өткізетін кәсіпорындар аз. Бизнес спорттық инфрақұрылым құрылысына да қатысқысы келмейді. Бұл тек ірі кәсіпорындар ғана көтере алатын үлкен шығындар, орта және шағын компаниялар үшін өз күштерімен қандай да бір спорт нысанын салу — қиын міндет. Сонымен қатар, мемлекет бұл бастамаларды ынталандырмайды: МСМ мәліметінше, елде мұндай мақсаттарға арналған шығындарды өтеу бағдарламалары жоқ.

Қазақстандықтардың ынтасыныңы төмендігі туралы дәлелмен де келіспеуге болмайды. Еліміздің әрбір тұрғыны спортпен шұғылдана алмайды немесе айналысқысы келмейді. Мәселе ақшада емес. Фитнес-клубқа жазыла алмайтын адам, қаласа, әрдайым тегін мүмкіндіктер таба алады, мысалы, таңертеңгі жүгіру, үйде жаттығу, ауладағы нысандар секілді игіліктерді пайдалануға кедергі жоқ.

Қазақстандықтардың тек 39%-ы ғана спортпен айналысады. Спорт орталықтары, алаңдар және… адамның қалауы жетіспейді

Спорт орталықтарының ақылы қызметтері туралы айтар болса, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтыр осы салада көрсетілген қызметтердің көлемі ақшамен 66,9%, 154,5 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл соңғы жылдардағы рекорд деп айтуға болады: 2017 жылдан бастап көрсеткіш 109,5 млрд теңгеден жоғары көтерілмеді. Өсім фитнес-орталықтардың қызмет көрсету көлемінде (2 есе) және спорт саласындағы өзге де қызметте (1,9 есе) күрт өсудің арқасында орын алды.

МСМ мәліметінше, Қазақстанда 3,2 мыңға жуық жеке меншік спорт нысаны жұмыс істейді.

Қазақстандықтардың тек 39%-ы ғана спортпен айналысады. Спорт орталықтары, алаңдар және… адамның қалауы жетіспейді