Қазақстан банктеріндегі бизнес салымдар бірден 16%-ға ұлғайды

Фото: https://www.shutterstock.com/

Бұл орайда еліміздегі тек 14 банк оң динамика көрсетті, ал қалған 7 ЕДБ мұндай нәтижеге қол жеткізе алмады

Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша бизнестің Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары 16,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 15,7%-ға көп.

Бұл тұрғыда ЕДБ-ның барлығы өсім көрсете алмады: еліміздегі тек 14 банк оң динамика көрсетсе, ал 7 қаржы институты минусқа кетті.

Еліміздегі ірі банктердің ішінде заңды тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша Bereke Bank көшбасшы атанды: бір жылда қаржы 50,4%-ға, 770,8 млрд теңгеге дейін өсті. Айта кетерлігі, бұл — сектордағы орташа деңгейден, сондай-ақ ЕДБ-ның көпшілігімен салыстырғанда, бірнеше есе көп көрсеткіш.

Мұндай өсімге қол жеткізудің көптеген себептері бар. Біріншіден, клиенттердің қаржы институтына деген сенімі; екіншіден, әр клиентке танытылатын ерекше көзқарас және тиімді өнімдер. Банк бизнеске салымдардың бірқатар түрін ұсынады, олар: «Жинақтаушы», «Мобильді», «Жинақ» және «Овернайт» депозиттері. Сондай-ақ, банк «Жинақ» депозиті бойынша сектордағы ең жоғары мөлшерлемелердің бірі — 15,5%-ға дейінгі мөлшерлемені (СЖТМ) ұсынып отыр.

Қазақстан банктеріндегі бизнес салымдар бірден 16%-ға ұлғайды

Заңды тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша екінші орынға Шинхан Банк Қазақстан орналасты: бір жылда салым мөлшері 46,8%-ға, 685,2 млрд теңгеге дейін өсті.

Үздік үштікті ForteBank түйіндейді: салымдар 38,1%-ға, 1,9 трлн теңгеге дейін көбейді. Бизнес салымдарының өсімі бойынша алғашқы бестікке Банк ЦентрКредит (31,3%-ға өсті) және Kaspi Bank (29,1%-ға өсті) те енді.

Тағы бір айта кетерлігі, 2020 жылға дейін заңды тұлғалардың салымдарын тарту динамикасы біркелкі болған жоқ. Соңғы бес жылда динамикалық өсім байқалуда, мысалға, тек осы кезеңде салымдар сомасы 85,7%-ға артты, ал соңғы бес жылда орташа жылдық өсім қарқыны (CAGR) 13,2%-ды құрады, бұл өте жоғары көрсеткіш болып саналады.

Кәсіпкерлер банктерді қалауына қарай әртүрлі бағалайтыны анық, десе де, мұндай динамика және жоғарыда аталғандай жағдай бизнестің еліміздегі банк секторына деген сенімін аңғартады. Сонымен бірге, ҚР ЕДБ-ға жүгінудің тағы бір себебі бар, ол — цифрлық қызметтердің дамуы әрі бизнеске арналған түрлі тиімді ұсыныстар.

Қазақстан банктеріндегі бизнес салымдар бірден 16%-ға ұлғайды