Әлемдік энергетикалық нарықты жаһандық трансформациялау: «таза» энергетика жаңа энергетикалық қуаттардың жартысынан артығынан асты

75 просмотров

Халықаралық энергетикалық агенттік аналитиктерінің деректері бойынша, күн және жел энергиясы қазірдің өзінде бүкіл дүниежүзіндегі энергетиалық қуаттың жартысынан көбін құрайды. Ортамерзімдік перспективада жаңартылатын энергия көздері электр энергиясын өндіру өсімінің 60%-дан астамын қамтамасыз етіп, көмірден энергия өндіру көлеміне жақындайды. Келесі бес жылдың ішінде экологиялық энергетика электр энергиясын өндірудің анағұрлым тез өсіп келе жатқан көзіне айналып, 2021 жылы 28%-ға дейін артады.

2015 жыл қорытындысы бойынша, дүниежүзінде таза жолмен алынған энергия қуатының өсімі 148 ГВт құрады, ал су электр станцияларын есепке алмағанда - 120 ГВт құрайды. Су электр станцияларын қоспағанда, экологиялық таза қуаттар 2014 жылғымен салыстырғанда 18%-ға өсті.

Дүниежүзілік энергетикалық мұнай және көмір нарығының ауқымды трансформациялануы өтуде, оның қозғаушысы жаңартылатын энергия көздері болып табылады. Бұл ретте экологиялық таза энергияның «тартылыс орталығы» дамушы экономикаларға қарай орын ауыстыруда, бұл елдерде ЖЭК электр энергиясына сұраныстың әзірге тек бір бөлігінен ғана асты.

Мысалға, электр энергиясын өндірудің әлемдік көшбасшысы – Қытайда жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының барлық әлемдік өсімінің 40% -ы өндіріледі, алайда бұл ел ішіндегі электр энергиясына өсіп отыратын сұраныстың тек жартысын ғана құрайды. 2015 жылы жаңартылатын қуаттар бұл елде 496 ГВт құрады.

Сонымен қатар алдыңғы 5 мемлекет қатарына АҚШ (202 ГВт), Германия (97 ГВт), Жапония (65 ГВт), және Үндістан (83 ГВт) елдері енеді.

Озық елдердің жаңартылатын энергия көздері саласындағы EXPO 2017 көрмесінде таныстырылатын әлемдік технологиялары Қазақстанда электр энергиясын өндірудің үнемді тәсілдерін дамытуға қозғау салатын пәрменді күш болады.

ХЭА директоры Фатих Бироль атап өткендей, жаңартылатын энергия көздерінің жеткілікті игерілмеген дәуірі жойылды: жаңартылатын энергетика «альтернативті» энергия санатынан шықты.