Биыл қаңтар–сәуір айларында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражаттың жалпы сомасы 368,8 млрд теңге болды. Оның 259,3 млрд теңгесі шетелге жіберілген ақша, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,5% аз. Бұл ретте транзакциялар саны 11,8% өсіп, 749,1 мыңға жетті. ААЖ арқылы шетелге жіберілген бір аударым бойынша орташа түбіртек бір жылда 437,5 мың теңгеден 346,1 мың теңгеге дейін азайды.
Шетелден келген қаржы көлемі 109,6 млрд теңге болды, өткен жылғымен шамалас. Транзакциялар саны небәрі 0,5%, 397,6 мыңға дейін өсті. Нәтижесінде ААЖ арқылы шетелден алынған бір аударымның орташа түбіртегі 0,5%, 275,6 мың теңгеге дейін азайды.
Биыл қаңтар–сәуірде ҚР-дан жөнелтілген ақша көлемі бойынша елдер арасында Түркия көш бастап тұр: 70,7 млрд теңге, бұл өткен жылдың қаңтар–сәуір айларымен салыстырғанда 9,4% аз. Одан кейінгі орында Ресей, онда жіберілген қаржы бір жылда бір жарым еседен астам өсіп, 69,2 млрд теңге болды. Үшінші орында Өзбекстан: 51,7 млрд теңге, 17,7% азайған.
Сонымен қатар Грузияға 27,6 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 20,2% көп аударылды. Қырғызстанға аударылған ақша көлемі 5,2 есе, яғни 43,1 млрд теңгеден 8,2 млрд теңгеге дейін азайды.
Шетелден түскен қаражат бойынша жөнелтуші елдер арасында Ресей көш бастап тұр, оның үлесіне ҚР-ға жіберілген қаражаттың жалпы көлемінің 40,4%-ы келеді: 44,2 млрд теңге, 2022 жылғы қаңтар–сәуірдегіден 65,6% көп.
Өзбекстан, Оңтүстік Корея және АҚШ-тан Қазақстанға тиісінше 11,9 млрд теңге, 10,9 млрд теңге және 10,8 млрд теңге аударылған. Аталған елдерден келген қаражат көлемі азайды: Өзбекстаннан — 12,9%, Оңтүстік Кореядан — 22,6%, АҚШ-тан — 34,6% азайды.