Меншік салығының көлемі бойынша Алматы шаһары бірінші орында - 2 млрд теңге түскен, бұл, жалпы көлемнің 27%-ы. Салықтың ең қарқынды өсімі - БҚО мен Павлодар облыстарында. Яғни, былтырғы көрсеткіштерден 25%-ға өскен (артық). Еліміздің төрт аймағында өсім кері көрсеткіш берді. Мысалы, Астана қаласындағы биылғы меншік салығының көлемі - 688 млн. теңге. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 26 млн.-ға кем.
