Топ-10 ҚР ЕДБ. 1 қыркүйек 2022

53 просмотров

Дағдарысқа қарамастан, қазақстандық банктердің активтері бір айда 2,9%, ал бір жылда 18,3% өсіп, биылғы жылдың күзінде 41,5 трлн теңгені құрады.

Үздік он банктің ішінде ай сайынғы өсім бойынша Bank RBK көш басында. Оның активы бірден 7,8% өсіп, 1,7 трлн теңгеге жетті. Жылдық динамика бойынша да көрсеткіші жаман емес, бірден 37,5% көбейген. Банктің несиелік портфелі де тиісінше жақсы өскен. Бір айда 2%, ал бір жылда 42,7% өсіп 793,7 млрд теңге жетті. Бұл алғашқы ондықтағы ең күшті көрсеткіштердің бірі. Банк бөлшек және корпоративтік несиенің барлық түрін береді. Мысалы, банк медицина саласының компанияларына («Inkar» ЖШС — фармацевтикалық дистрибуция, «Каз-Диа-Тест» ЖШС — экспресс-тесттерді шығару), сауда саласына (Eurospar жобасымен «Скиф Трейд» ЖШС), өнеркәсіпте («КазЭнергоПауэр» ЖШС — электр жабдықтарын өндіру) және т. б. салаларда несие береді. Сонда да банктің несие портфелі, бұрын да жазғанымыздай, өте жақсы.

Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында ЦентрКредит Банкі: 4,9% көбейіп, 3,4 трлн теңгеге жетті. Өз кезегінде банктің несие портфелі бір айда 7,5% өсіп, 1,8 трлн теңгеге жетті.

Altyn Bank ай сайынғы өсім бойынша үздік үштікті жапты: 4,1% өсіп, 936,2 млрд теңгені құрады. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде банктің несие портфелі 1,4% өсіп, 300,2 млрд теңгеге жетті.

Алғашқы он банктің ішінде активтерінің ай сайынғы өсім динамикасы айтарлықтай өскен (1%-дан астам) тек бес қана банк бар. Тағы екі банк көрсеткіші өзгеріссіз қалса, үшеуінде төмендеді.

Жалпы алғанда, екінші деңгейлі 22 банктің 12-сі секторда өсім көрсетті.

Ескерту: шолуда 2022 жылғы 18 тамызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі сатып алған және атауы Bereke Bank болып өзгертілген бұрынғы «ресейлік» Сбербанк қызметі есепке алынбаған. Қаржы ұйымы иелері ауысқаннан кейін ребрендинг пен оңалтудан өтуде, оның көрсеткіштері тиісті емес.