Тез арада пайда табу: қазақстандық банктердің «қысқа мерзімді» және ең жоғары табысты салымдар сегментіндегі ұсыныстары

Фото: https://www.shutterstock.com/

Банк депозиттерінің мөлшерлемелері мен шарттары ай сайын өзгеріп тұрады, міне сол себепті біз сізге олардың ішінен ең тиімдісін таңдауға көмектесу үшін түрлі өнімдерге әрдайым шолу жасап тұрамыз.

Бұл материалда біз ең тиімді әрі мөлшерлемесі жоғары салымдарды қарастырамыз, олар — толықтыруға, әрі ішінара қаражатты алуға болмайтын жинақтаушы депозиттер. Мұндай депозиттерді 21 банктің 11-і ғана ұсынады.

Бұл күндері банкке ақшасын ішінара алмай, ұзақ мерзімге салып қоятын адамдар аз, сондықтан біз мерзімі үш айдан аспайтын «ең қысқа» депозиттерді қарастырдық. Бүгінде мұндай депозиттерді тек 10 банк ұсынады.

Қазіргі уақытта осы сегменттегі СЖТМ-сі ең жоғары «Сәлем» депозитімен Bereke Bank қана ұсынуда: 18%. Салым мерзімі — 2 ай, ең төменгі сома — 15 мың теңгені құрайды.

Тез арада пайда табу: қазақстандық банктердің «қысқа мерзімді» және ең жоғары табысты салымдар сегментіндегі ұсыныстары

Екінші орында — «Нұр Алтын Cберегательный» өнімімен Нұрбанк жайғасты. Мұнда СЖТМ 17,5%-ды құрайды, салым мерзімі — 3 ай, ең төменгі сома — 5 мың теңге.

Үздік 3-те SAFE өнімімен RBK Bank тұр: СЖТМ — 17,2%, мерзімі — 3 ай, ең төменгі сома — 15 мың теңгеден басталады. Осы сегменттегі басқа ЕКБ-дің өнімдері туралы толығырақ ақпаратты кестеден көруге болады.

Салыстыратын болсақ: қаражатты ішінара толықтыруға болмайтын жинақтаушы депозиттері жоқ банктердің басқа да өнімдерінің СЖТМ-ның ең жоғары мөлшерлемелері 14,9%-ға жетеді. Сондықтан, осы материалда қарастырылған депозиттердің түрлері оларға қарағанда әлдеқайда табысты.

Тез арада пайда табу: қазақстандық банктердің «қысқа мерзімді» және ең жоғары табысты салымдар сегментіндегі ұсыныстары

Жалпы алғанда, ақшаны қазір депозитке салуға болады, өйткені олардың мөлшерлемелері әлі де жоғары. Алайда, олар ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені төмендетуіне байланысты түсу үрдісін жалғастыратын болады.

Мәселен, ағымдағы жылдың өзінде мөлшерлеме екі рет төмендеді: қаңтарда — 15,75%-дан 15,25%-ға дейін, ақпанда — тағы да 0,5 п. т., яғни 14,75%-ға дейін түсті. Бұл ретте өткен жылдың басында базалық мөлшерлеме 16,75%-ға жеткен болатын және бұл жоғары көрсеткіш 28 тамызға дейін сақталды.

Сондықтан біз ең тиімді шарттарды пайдаланып қалу үшін депозиттерге әрдайым шолу жасаймыз.