Шағын және орта бизнес — нарықтық экономиканың даму негізі. Кәсіпорындар жұмыс орнын ашып, бюджетке салық төлеп, халықтың қаражатын айналымға шығарып, монополиямен күресуге көмектеседі. ШОБ дағдарыста экономиканы тұрақтандырады, өйткені жұмысын жедел өзгерте алады, өзгерістерге икемделуге қабілетті. Кез келген мемлекеттік шағын және орта бизнестің дамуына мүдделі.Сол себепті Қазақстанда ШОБ-ты дамытуға қатысты мемлекет бағдарламалар мен түрлі жеңілдіктер бар.
Жалпы, әлемдегі жағдайға қарайтын болсақ, ШОБ-тың жаһандық ықпалы бар. Әлемдегі барлық кәсіпорындардың 90%-ы микро, шағын және орта кәсіпкерлік (МШОБ). Олар жұмыс орындарының 70%-ын қамтамасыз етеді. Ал ІЖӨ-дегі үлесі 50%. Осылайша, МШОБ экономиканы қалпына келтіруде маңызды рөл ойнайды.
Қазақстанда шағын және орта бизнес даму жолында және сектордың көрсеткіші әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмен. Ал дамыған елдермен салыстыратын болсақ, айырмашылық одан да көп. Салыстыру үшін: шағын және орта кәсіпкерлік секторы ҚР ІЖӨ-нің 36,5%-ын құрайды, көрші Өзбекстанда бұл көрсеткіш 50%.
Бұл ретте соңғы жылдары Қазақстанда оң динамика байқалады. Мысалы, 2022 жылы ІЖӨ-дегі ШОБ үлесі бір жылда на 3,2 пайыздық тармаққа өсті. Ал ҚР-да жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны, 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, бір жылда 31,6% өсіп 2 млн-ға жетті.
Соңғы жылдары Қазақстандағы ШОБ дамытудың негізгі драйверлерінің бірі — цифрландыру. Мысалы, Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санының айтарлықтай өсуі интернетті пайдаланатын ұйымдар санының өсуімен сәйкес келеді. Мәселен, бір жыл ішінде олардың саны 16,3% өсті, бұл саланы цифрландырудың маңыздылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, ел банктері ұйымдарға электрондық қызметтер арқылы көптеген мүмкіндіктер береді, бұл кәсіпкерлік қызметті айтарлықтай жеңілдетеді. ШОБ үшін ЕДБ цифрлық қызметтерінің танымал болғаны сонша, ірі банктер осы мақсаттар үшін жеке қызметтер мен мобильді қосымшаларды жасап шығарды. Мысалы, ең танымалдардың бірі — Jusan Bank-тің бизнеске арналған Jusan Business интернет-банкинг — көптеген онлайн қызметтерді ұсынады, соның ішінде ЖК тіркеу, шот ашу, несие, депозит, бизнесті сақтандыру және инвестицияларды басқару, сондай-ақ басқа да көптеген қызметтермен мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ кассирлерге арналған Jusan Tole қосымшасы, интернет-банкинг және карта немесе QR арқылы төлемдерді қабылдауға және тауарларды сатуға мүмкіндік беретін POS терминал бар. Одан бөлек онлайн есеп пен салық есебін жасау сияқты қызметтер де бар, олар оңай, ең бастысы салықты дұрыс есептеп, 910 формасын толтырып, кейін салық органдарына жібереді. Барлық интернет-банкинг қызметтері инфографикада көрсетілген.
Мұндай цифрлық шешімдер шағын және орта бизнестің жылдам қарқынмен дамуына мүмкіндік береді.
Саланың дамуына бюрократия, кәсіп ашудағы және оны заңды түрде жүргізудегі қиындықтар сияқты факторлар кедергі келтірді. Сонымен қатар, қазір технология барлық кезеңдерді жеңілдеткендіктен, ШОБ-тың онлайн режимге көшуі көлеңкелі экономиканы азайтуға оң әсерін тигізуде. Егер бұрын бизнес ашу үшін көп уақыт, ақша және күш қажет болса, қазір барлығы интернет арқылы бірнеше минутта, шығынсыз және уақыт жоғалтпай жасалады.