Биыл қаңтар–мамырда қазақстандықтар мен ел қонақтары халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге 349,2 млрд теңге жіберді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8% аз. Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі 137,6 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда 23% аз.
2023 жылдың мамыр айында шетелге 90 млрд теңге жөнелтілді — биылғы сәуірмен салыстырғанда 17,7% көп, бірақ 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда 8,5% аз.
2023 жылдың мамыр айында ААЖ арқылы шетелден 28 млрд теңге түсті — биылғы сәуірмен салыстырғанда 6,5% көп, бірақ 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бірден 2,5 есе аз.
ҚР-дан ААЖ арқылы ақша жіберілген елдердің ішінде 2023 жылдың қаңтар–мамырында Түркия 89,5 млрд теңгемен көш бастады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,4% аз. Екінші орында Ресей: 89 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда бірден 39,8% көп. Үздік үштікті Өзбекстан жапты: 81,5 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 13% аз.
Сондай-ақ айтарлықтай көлем Грузияға (36,7 млрд теңге), Қытайға (11,3 млрд теңге) және Қырғызстанға (10,8 млрд теңге) тиесілі.
ААЖ арқылы ҚР-ға ақша аударған елдер ішінде Ресей бірінші орында: 54,9 млрд теңге, алайда бұл 2022 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда 24,1% аз. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Өзбекстан (14,7 млрд теңге), Оңтүстік Корея (13,9 млрд теңге) және АҚШ-тан (13,9 млрд теңге) келді.
Айта кетейік: биыл мамырда Ресейден 10,6 млрд теңге аударылды, бұл ҚР-ға аударылған барлық ақшаның 37,8%-ын құрады. Бір жыл бұрын Ресейдің үлесі барлық аударымның 65,9%-на тең болып, 45,6 млрд теңгеге жеткен.