2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында айырбастау пункттерінің АҚШ долларының таза сатылымы көлемі шамамен 1,8 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда небәрі 2,6% аз. Еуроның таза сатылымы да 28,8%, 214,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Ресей рублінің таза сатылымы да айтарлықтай төмендеді: бірден 68,4 есе, 4,1 млрд теңгеге дейін.
Сонымен қатар, 2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда Қытай юанінің айырбастау пункттеріндегі таза сатылымы, керісінше, 5,3% өсіп, 1,1 млрд теңгеге жетті.
ҚР барлық өңірлерінде айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатуы оң мәнде. Ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Шымкент және Астанада байқалды: тиісінше 502,6 млрд теңге, 380 млрд теңге және 165,7 млрд теңге.
Еуроның да таза сатылымы ең көп Алматы (88,4 млрд теңге), Шымкент (39,6 млрд теңге) және Астанада (30,3 млрд теңге). ҚР өңірлері арасында еуроның таза сатылымы Ақмола облысында ғана теріс мәнде болды: минус 109,3 млн теңге.
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда Ресей рублінің таза сатылымы ҚР 20 өңірінің 13-де оң мәнде болды. Соның ішінде ең көп көлем Шығыс Қазақстан (13,9 млрд теңге), Қарағанды (10,1 млрд теңге) және Ақмола (6,6 млрд теңге) облыстарында байқалды. Бұл ретте, АҚШ доллары мен еуроға қарағанда, Ресей рублінің таза сатылымы ең көп теріс мәнде болған өңірлер Алматыда — минус 19 млрд теңге, Астанада — минус 14,8 млрд теңге, Шымкент — минус 4,5 млрд теңге.
2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қытай юанін айырбастау пункттерінің таза сатуы ҚР-ның 20 өңірінің 19-да байқалды. Түркістан облысында таза сатылым теріс мәнде болды: минус 100 мың теңге.
Қытай юанінің таза сатылымы ең көп көлемі Астана (323,8 млн теңге) мен Алматыда (286,5 млн теңге), сондай-ақ Павлодар облысында (118,6 млн теңге) болды.
АҚШ долларының ресми бағамы биыл қаңтарда орташа есеппен 451,28 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда небәрі 1,4% төмен. Еуро бағамы да бір айда 1,4% төмендеп, 492,45 теңгені құрады. Қытай юані де арзандады: 1,8%, 62,95 теңгеге дейін. Бұл ретте Ресей рублі 0,4% ғана қымбаттап, 5,06 теңгені құрады.
Айта кетейік, 2023 жылы АҚШ долларының орташа бағамы 456,31 теңге, еуро — 493,33 теңге, Қытай юані — 64,43 теңге, Ресей рублі — 5,4 теңге болды.