ҚР ЕДБ дебеттік карталары. Банктердің флагмандық, танымал ұсыныстары немесе Gold санатындағы карталар. Шілде 2022

8 694 просмотров

Ағымдағы жылдың жазына қарай елімізде айналымда 58,54 млн банк картасы болды. Олардың ішінде 29,96 млн белсенді пайдаланылды. Айналымдағы он картаның сегізі және он белсенді картаның тоғызы — дебеттік карталар. Біз дебеттік карталар нарығына мониторинг жүргізіп, банктердің ең жақсы ұсыныстарын таңдадық.

ҚР 13 ЕДБ дебеттік карталарды ұсынады. Біз сыйлықақылы қымбат өнімдерді қарастырған жоқпыз. Шолуда осы банктердің 13 танымал, яғни флагмандық карталары немесе ең кең таралған Gold карталары бар (дегенмен, кейде қарастырылып отырған нұсқа банк ұсынатын жалғыз карта болды).

Дебеттік карталарды шығаратын 13 банктің ішінде тек алты ЕДБ ғана өз карталары бойынша бірінші жылы да, одан кейінгі жылдары да тегін жылдық қызмет көрсетуді ұсынады: Хоум Кредит Банкі (Lite картасы), ЦентрКредит Банкі (#картакарта), ForteBank (ForteBlack), Фридом Финанс банкі (Freedom Card), Еуразиялық Банк және Altyn Банк.

Қолма-қол ақшаны тегін алудың ең үлкен лимитін Хоум Кредит Банкі ұсынады — тәулігіне 2 млн тг дейін немесе айына 60 млн тг дейін. Өз кезегінде, Еуразиялық Банктің лимиті айына 1 млн тг дейін, ЦентрКредит Банкінде, ForteBank пен Фридом Финанс Банкінде айына 500 мың тг дейін, Altyn Bank — айына 400 мың тг дейін ғана.

Картадан картаға аударымдарға келетін болсақ, барлық алты қаржы институты банктің өзінде комиссиясыз аударымдарды ұсынады.

Бұл ретте басқа ЕДБ карталарына комиссиясыз аударымдарға лимит қойылады. Ең үлкен лимит — айына 4 млн теңгеге дейін — Хоум Кредит банкінің картасы бойынша ұсынылады. Өз кезегінде ForteBank пен Фридом Финанс Банкінің лимиттері айына 500 мың тг дейін, ал ЦентрКредит Банкінің лимиттері 200 мың тг дейін құрайды. Altyn Bank-те басқа банктердің карталарына тегін сыртқы аударымдар тек телефон нөмірі бойынша ғана мүмкін.

Кэшбекке келетін болсақ, қазіргі уақытта Хоум Кредит Банкінде алғашқы үш айда қосымшада коммуналдық қызметтерді төлеуге, ЖМҚС-та және супермаркеттерде 10% мөлшерінде тұрақты жоғары кэшбэк бар. Жалпы Хоум Кредит Банктің және ЦентрКредит Банкінің сүйікті санаттарға кешбэк 10%-ды, Еуразиялық банкте 30%-ға дейін, Forte Bank-те 15%-ға дейін құрайды.

Қарастырылып отырған алты ЕДБ-нің бесеуі (ForteBank-тен басқасы) кепілдендірілген кэшбэк ұсынады . Фридом Финанс банкінде кепілдендірілген кешбэк 1,5%-ды, Хоум Кредит Банкте және ЦентрКредит Банкінде — 1%-ды, Еуразиялық банк пен Altyn Bank-те кез келген сатып алуға 0,5%-ды құрайды.

Тегін қызмет көрсетпейтін басқа жеті банктің өнімдерінің параметрлерін кестелерден көруге болады.

Жалпы, ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша ҚР-да айналымда 45,4 млн дебеттік карта болды. Бес картаның үшеуі — немесе 26,3 млн — белсенді қолданылды.

Бір жыл ішінде айналымдағы дебеттік карталар саны 15,9%-ға, оның ішінде белсенді карталар саны — 18,4%-ға өсті. 10 жыл ішінде дебеттік карталар саны 5,1 есеге, белсенді карталар саны 6 есеге жуық артты.