ҚР қай министрліктері бюджет қаражатын айтарлықтай игермеді?

14 просмотров

2022 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджеттің шығындары 18,8 трлн теңге сомасында жоспарланған. Биылғы жылдың қаңтар–шілде айларында мемлекеттік бюджет шығындары (міндеттемелер) 10,1 трлн теңге деңгейінде болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шығындардың жалпы көлемі 17,5% өсті.

41 млрд теңге орындалмаған, оның ішінде бюджет үнемдеу — 9,6 млрд теңге, игерілмеген — 31,4 млрд теңге.

Игерілмеудің негізгі себептері келісімшарт жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, орындалған жұмыс актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, төлемге шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, нақты көрсетілген қызметтердің көлеміне ақы төлеу, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

Жекелеген мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игермеу себептерін, сондай-ақ игерілмеу анықталған салаларға толығырақ тоқталайық.