Қалтаңыздағы мәртебе: қазақстандық банктер қандай үздік карталарды ұсынады?

Фото: https://www.shutterstock.com/

ҚР ЕДБ металл карталарына шолу. Қаңтар 2023

Соңғы жылдары бүкіл әлеммен қатар қазақстандықтар да қолма-қол ақшаның орнына банк карталарын жиі пайдаланып жатыр. 2022 жылдың желтоқсанында елдегі карталардың жалпы саны 64,4 млн-ға жетті (бір жылда 9,9% көбейген), оның ішінде 33 млн-ы (бір жылда 10,6% көбейген) белсенді пайдаланылады. Дебеттік (бір жылда 11,6% көбейіп 28,3 млн болды) және несиелік (4% көбейіп 4,3 млн болды) белсенді карталардың саны өсіп келеді. Сонымен қатар, 2022 жылдың 11 айында қолма-қол ақшасыз төлемдер төлем карталары бойынша жалпы айналымның 82%-на жетті.

Шындығында, бұл бүгінде әрбір қазақстандықта, соның ішінде сәбилерді де қоса есептегенде, жан басына орта есеппен екі банк картасы бар деген сөз. Экономикалық белсенді халықты алатын болсақ, мұндай қазақстандықтардың әрқайсысы үш немесе одан да көп картаның иесі. Бұл ретте негізгі операциялар қолма-қол ақшасыз форматта жүзеге асады, ал карта әрбір қазақстандықтың айнымас серігі болып отыр.

Ескертпе: егер бірнеше жыл бұрын тіпті Gold/Platinum класс карталары барлығына бірдей қолжетімді болмаса, қазір қазақстандықтарды премиум сегменттің үздік карталары (Visa Infinite / Mastercard World Elite / Union Pay Diamond және т. б.) таң қалдыра алмайды. Қазақстандық банктер арасында осы санаттағы карталарды 8 ЕДБ ұсынады.

Дегенмен, тіпті мұндай карталардың арасында көпшіліктен ерекшеленетін және иесінің мәртебесін көрсететін бірегей элиталық өнімдер бар. Біз дәл осындай өнімдерге, яғни металл премиум карталарына шолу жасадық.

Қазақстан нарығында тек төрт банк металл карталар ұсынады. Олардың үшеуі — Altyn Bank, Jusan Bank және ЦентрКредит Банкі — металл Visa Infinite ұсынады, ал Еуразиялық Банк Visa Infinite және Mastercard World Elite екеуін де таңдауға мүмкіндік береді.

Тек Altyn Bank қана дебеттік карта ретінде де, өте қомақты 7 млн теңгеге дейінгі лимиті бар премиум несие картасы ретінде де пайдалануға болатын әмбебап карта ұсынады. Банктің кез келген клиенті премиум картасын аша алады — жеке банкинг пайдаланушылары да, басқалары да. Қалған үш банк тұрақты дебеттік карталар ұсынады.

Қалтаңыздағы мәртебе: қазақстандық банктер қандай үздік карталарды ұсынады?

Барлық төрт ЕДБ-ның металл карталарын шығару комиссиясы 30 мың теңге.

Жылдық қызмет көрсетудің ең қолайлы шарттары Altyn Bank-те: айына 2,5 мың теңге немесе жылына 30 мың теңге. ЦентрКредит Банкі мен Jusan Bank қызметі айына 10 мың теңге немесе жылына 120 мың теңге, ал Еуразиялық Банкте бірден жылына 240 мың теңге.

Ақшаны шешіп алу комиссиясына келетін болсақ, Altyn Bank-тың VIP клиенттері мен жалақы жобасына қатысушылары ҚР-ның кез келген банкоматында комиссиясыз қолма-қол ақша ала алады. Стандартты клиенттер 1 млн теңгеге дейін комиссиясыз ақша шешіп ала алады. (ҚР-дан тысқары банкоматтарды қоса алғанда). Одан жоғары сома комиссиясы ҚР банкоматтарында алатын ақшадан 1% және 500 теңге. Бұл ретте шетелде ақша шешіп алу комиссиясы VIP клиенттерге 1%, ал басқа клиенттерге 1,5% және 1000 теңге.

ЦентрКредит Банкінде ҚР-ның барлық банкоматтарында 3 млн теңгеге комиссиясыз қолма-қол ақша алу лимиті бар (одан жоғары сомаға 1%), Еуразиялық Банктің өз желісінде 5 млн теңге, басқа банк желісінде 2 млн теңге комиссиясыз алынады (одан жоғары сомаға 1%), Jusan Bank-те ҚР-ның барлық банкоматтарында комиссиясыз 1 млн теңге (одан жоғары сомаға 1%). Ал шетелде ЦентрКредит Банкі 3 млн теңгеге дейін комиссиясыз алуға мүмкіндік береді (одан жоғары сомаға 1%), Еуразиялық Банкте шетелде 20 млн теңгеге дейін комиссиясыз (одан жоғары сомаға 1,5%). Jusan Bank бірден 1% және 1000 теңге комиссия алады.

Басқа шарттар мен өнім мәліметтерін кестеден табуға болады.

Қалтаңыздағы мәртебе: қазақстандық банктер қандай үздік карталарды ұсынады?

Естеріңізге сала кетейік, премиум карта иелері бүкіл әлем бойынша консьерж қызметтеріне қол жеткізе алады — сапарларды ұйымдастыру, әуе билеттерін алу, қонақүйлерге, мәдени іс-шараларға билет алу, құжаттарды жеткізу және т. б. қызметтер ұсынылады, сондай-ақ тәулік бойы қолдау көрсету қызметі бар.

Халықаралық медициналық және ақпараттық көмек ұсынылады; арнайы сақтандыру қызметтері, мысалы, шетелге сапарлар кезінде; картамен төленген сатып алуларды қорғау бағдарламасы; әуежайлардағы бизнес залдарға тегін кіру және т. б.