Орташа айлық жалақы. Білім беру. 2022 жылдың II тоқсаны

54 просмотров

Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, білім саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 293,3 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан 25,4% көбейді. Саладағы жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі инфляцияны есепке алғанда 10,1%-ды құрады. Салыстыру үшін: республикалық орташа атаулы жалақы былтырдан бері 8,9% нақты мәнде өсіп 312 мың теңгені құрады.

Өңірлер бойынша білім беру саласындағы ең жоғары жалақыны елордалық қызметкерлер алады: 414 мың теңге, былтырғыдан 18% артық. Нұр-Сұлтандағы жалақы орташа республикалық деңгейден 41,1% жоғары. Екінші және үшінші орында Алматы (335,7 мың теңге, 26,4% өсім) және Маңғыстау облысы (326,2 мың теңге, 21,7% өсім). 20 өңірдің 6-да ғана саладағы жалақы республикалық орташа деңгейден жоғары.

Саладағы ең төмен жалақы мектепке дейінгі білім беру саласында байқалады: бар болғаны 147,3 мың теңге, нақты жылдық өсім — 11,2%. Бастауыш білім беру сегментінде орташа айлық атаулы жалақы 243,5 мың теңгені (инфляцияны ескере отырып өсім 10,5%), орта білім беру саласында — 343,5 мың теңгені (10,2% өсім), жоғары білім беру сегментінде — 323,1 мың теңгені (12,7% өсім) құрайды.

Білім берудің көмекші қызметтері саласында көрсеткіш 216,8 мың теңгені (нақты өсім — 7,5%), білім берудің басқа түрлері сегментінде — 221,9 мың теңгені (нақты өсім — 4,8%) құрады.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,1 млн адамды құрады, бұл былтырғыдан 1,4% көп.

Жұмыспен қамтылғандар ең көп Түркістан облысында тіркелді: 144,5 мың адам, былтырғыдан 1,3% көп. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы қаласы (99 мың адам, 2,7% өсім) және Алматы облысы (80,6 мың адам, 37% кему) кірді.

Салада ең аз жұмыспен қамтылғандар жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде тіркелген: 14,4 мың адам.

Қазақстанда мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілуде, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы.

Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы мұғалімдерді жұмысқа қабылдау ережелері қабылданды. Сондай-ақ, қазір елімізде білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы өтуде. Конференция аясында білім саласының 5 мыңнан астам көшбасшысы мен жарты миллионға жуық педагогикалық қауымдастықтың өкілдері өткен оқу жылының қорытындысын сараптап, жаңа оқу жылының мақсаттарын белгілеу жөніндегі диалогқа қатысуда.