Орталық Азия Ресейден түсетін ақшаның азаюынан зардап шегуі мүмкін

43 просмотров

Орталық Азия Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының салдарын сезіне бастағанда Дүниежүзілік банк пессимистік болжам жариялады. Ресейдегі еңбек мигранттарының ақшасына сүйеніп отырған отбасылардың табысы орташа есеппен төрттен бірге азаюы мүмкін.

Орталық Азия елдерінде мигранттардың ақша аударымдары өте маңызды күнкөріс көзі. Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Ресейден ең көп ақша аударатын елдердің бірі, бұл оларды Ресей экономикасындағы өзгерістерге ерекше тәуелді етеді.

Бұл тəуелділік əсіресе ақша аударымдарының көлемін аталған елдердің жалпы ішкі өнімімен салыстырғанда анық көрінеді. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2021 жылдың соңына қарай трансферттер көлемі Тәжікстанның ІЖӨ-нің 35%-на, Қырғызстанның ІЖӨ-нің 33%-на тең. Бұл екі мемлекет әлемдегі мигранттарға ең тәуелді бес елдің қатарына кіреді. Мигранттардың көбі Ресейге маусымдық жұмысқа, көбіне құрылыс саласына барады.

Өзбекстанда ақша аударымдарының үлесі әлі де жалпы ішкі өнімнің 13%-ын құрайды. Бұл ретте Қазақстан ең аз үлеске ие — небәрі 0,2%. Ескертпе: Дүниежүзілік банк өз зерттеуінде Түркіменстанға қатысты деректерді ұсынбайды.

Ресей Орталық Азия елдеріне ақша аударымының негізгі көзі. Ол жақтан келетін аударымдар Қырғызстан мен Тәжікстандағы жалпы ақша аударымдарының шамамен үштен екісін құрайды. Өзбекстан мен Қазақстанда бұл көрсеткіш сәл төмен — сәйкесінше 56% және 44%.

2022 жылы Дүниежүзілік банк ақша аударымдарының өсу болжамын екі рет бағалады. Бастапқы мәліметтерге сәйкес, төрт елде де Ресейден ақша аударымдары көбейеді. Біріншіден, Қазақстанда — 7%-ға артады деп күтілген.

Алайда Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Дүниежүзілік банк өз болжамын өзгертті. Жаңа болжамға сай, 2022 жылы ақша аударымдарының көлемі күрт төмендемек.

Мысалы, 2021 жылы Қырғызстанға аударылған ақшаның 82%-ы Ресейден келген. Ал 2022 жылы болжам бойынша ақша аудару 32%-ға азаяды. Бастапқыда 3% өсім болады деп күтілген болатын. Тәжікстанда бұрын болжанған 2% өсімнің орнына 22% төмендейді деп күтілуде.

Өзбекстан Ресейге миллиондаған еңбек мигранттарын жібереді, бірақ оның экономикасы олардың аударымдарына тәуелді емес, Дүниежүзілік банк бұл көрсеткіш 21% төмендейді деп болжайды.

Қазақстанда Ресейден жіберілетін ақша аударымдары Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша 19%-ға азаяды. Дегенмен, ІЖӨ-дегі елеусіз үлесті ескерсек, соншалықты үлкен әсері болмайды.

Украинадағы соғысты бұрынғы сыртқы дағдарыстармен салыстыратын болсақ, 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялауы және одан туындаған санкциялардан кейін Орталық Азия елдеріне ақша аударымдары 2015 жылы 25%-дан астам қысқарды.

Өзара тәуелділікті COVID-19 пандемиясы да айқын көрсетті. Шекаралардың жабылуы және жаппай оңшауланулар 2020 жылы ақша аударымдарының 6% төмендеуіне әкелді, деп атап өтті Дүниежүзілік банк.

Орталық Азия елдеріне ақша аударымдарының қысқа мерзімді болжамдары өте белгісіз және Украинадағы соғыс ауқымына және Ресейден түсетін төлемдерге салынған санкцияларға байланысты. Дегенмен, қазіргі санкциялар пакетінің бұрын-соңды болмағанын ескерсек, ұзақ мерзімді салдары өте ауыр болуы мүмкін.

Дегенмен, қазіргі жағдайдың бұрынғы дағдарыстардан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін атап өткен жөн, бұл Дүниежүзілік банктің бағалауында ескерілмейді. Мысалы, өткен бірде-бір дағдарыста ресейліктердің ҚР-ға үдере көшуі болмады.

Ақша аударымдарының нақты көрінісі, халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы әзірге көрсеткіштердің төмендеуі емес, керісінше орасан зор өсімі байқалады. Биыл қаңтар–шілде айларында ҚР-дан ААЖ арқылы сыртқа жіберілген қаражат көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%, ал шетелден ҚР-ға аударылған ақша бірден 2,2 есеге өсті. Бірақ бұл қаражатты ресейліктер ресейліктерге аударады немесе ҚР қаражатты қайта жөнелтуде тек аралық нүкте ретінде ғана пайдаланылатынын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ҚР-дан және ҚР-ға ақша жөнелту ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы рубль аударымдарының көлемі де өсті.

Мұның бәрі бүгінде РФ қаржы жүйесі бастан кешіп жатқан орасан шектеулер мен қысымдарға байланысты. Атап айтқанда, ресейлік ірі банктердің SWIFT жүйесінен ажыратылуы, сондай-ақ Visa және Mastercard халықаралық жүйелерінің Ресейден кетуі, ресейліктердің Орталық Азия елдеріне, ең алдымен Қазақстанға көші-қон ағыны. Қалай болғанда да, ҚР дағдарыстың бір емес, бірнеше толқынын көретіні анық. Дегенмен Қазастанға Ресейден ақша аударымдары әзірге азаймайды, бірақ рубль бағамының өсуі қарапайым қазақстандықтар үшін ешқандай да пайдалы емес.