Биыл қазан соңы мен қараша басында халықаралық Moody's рейтингтік агенттігі бірқатар қазақстандық қаржы ұйымдарының, соның ішінде ҚР ұлттық компаниялары мен ЕДБ рейтингтік әрекеттерін жариялады.
Барлығы 2023 жылдың 27 қазанында агенттік Қазақстан бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертіп, егемен рейтингті Baa2 деңгейінде растаудан басталды. Агенттіктің бағалауындағы егемен рейтингтің оң болжамы экономиканы әртараптандырудағы елеулі және үздіксіз ілгерілеу экономикалық немесе қаржылық күйзелістерге төзімділіктің жоғарылығын, сондай-ақ институционалдық сапаны жақсарту және әлеуметтік-саяси мәселелерді шешудегі ілгерілеушілікті көрсетеді.
Биыл 31 қазанда Moody's жеті қазақстандық банктік емес қаржы компанияларына, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ мен оның бес еншілес ұйымына қатысты рейтингтік шараларды жүзеге асырды.
Осылайша, «Бәйтерек» ҰБХ рейтингі Baa2 деңгейінде расталды, болжам «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгерді.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (ҚТК) эмитент рейтингі де Baa3 деңгейінде расталды, болжамы «Оңға» жақсарды. Айта кетерлігі: компанияның азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жақсартуда елімізге әлеуметтік маңызды ықпалы бар екенін ескере отырып, мұндай рейтингтік акция ұлттық компанияның тұрақтылығын және одан әрі дамуын көрсетеді. Агенттіктің хабарлауынша, компанияның рейтингін растау ақылға қонымды капитал резервтерін, сондай-ақ тәуекелділігі төмен актив профилін көрсетеді.
Сонымен қатар, биыл ҚТК рейтингтерін тағы бір халықаралық рейтингтік ұйым растады. 2023 жылғы 11 шілдеде Fitch Ratings ҚТК рейтингін BBB деңгейінде растады. Рейтинг болжамы «Тұрақты». Рейтингті растау компанияның тұрғын үй құрылысының негізгі операторы мәртебесін және оның тұрғын үй секторын шоғырландырудағы негізгі рөлін ескере отырып, Қазақстан үшін ҚТК-ның стратегиялық маңызы туралы агенттіктің пікірін көрсетеді.
Сондай-ақ, биыл 31 қазанда Moody's «Индустриялық даму қоры» АҚ ұзақ мерзімді эмитент рейтингін Ba2-ден Ba1-ге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ рейтингін Ва1-ден Baa3-ке көтерді.
Рейтингтік агенттік Қазақстан даму банкінің (ҚДБ) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді эмитент рейтингтерін Baa2 деңгейінде, «„Даму“ кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ рейтингін Baa3 деңгейінде растады.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 қарашада Moody's ҚР тоғыз екінші деңгейлі банкінің рейтингтерін жаңартты, оның ішінде төрт банктің рейтингі көтерілді, барлық қаржы институттары «Оң» болжамға ие болды.
Moody's Investors Service мына КДБ рейтингтерін жоғарылатты:
- Еуразиялық банк — В1-ден Ба3-ке дейін;
- ЦентрКредит банкі — Ba3-тен Ba2-ге дейін;
- Bank RBK — B1-ден Ba3-ке дейін;
- Jusan Bank — B1-ден Ba3-ке дейін.
ForteBank, Halyk Bank, Altyn Bank, Kaspi Bank және Отбасы банкі рейтингтері расталды.
Жаңартулар 2022 және 2023 жылдардағы жақсартылған операциялық ортадан пайда алған төрт банктің қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді, бұл оларға негізгі несиелік әлсіздіктерін шешуге мүмкіндік береді.
Қалған бес банктің рейтингтерін растау жеке тәуекелдер мен күшті жақтардың тепе-теңдігін көрсетеді, ал барлық тоғыз банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтері бойынша оң болжам күйзелістерге төзімдірек болатын жақсартылған операциялық ортаны көрсетеді.