Ағымдағы жылдың 1 маусымына қарай ҚР ЕДБ меншікті капиталы 5,46 трлн тг жетті — өткен жылға қарағанда 11,8%-ға артық. Бір айдағы көрсеткіші оң нәтижемен 0,8%.
Ондаған жетекші банктердің арасында Jusan Bank осы нормативтік көрсеткішінің жылдық өсімі бойынша сенімді көш бастап тұр: қаржы институтының меншікті капиталы бірден 77,8%-ға, ағымдағы жылдың жазына қарай 698,7 млрд тг дейін өсті. Өткен жылғы 8%-ға қарағанда, банк секторда қазірдің өзінде 12,8%-ды алып отыр (банк секторында екінші орын). Айта кетейік: Jusan Bank көрсеткіштері реттеушінің пруденциялық нормативтер бойынша ең төменгі талаптарынан айтарлықтай асып түседі. Мысалы, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 0,283 құрады — бұл қазақстандық ірі коммерциялық банктер арасында ең үздік нәтиже. Алғашқы ондықтағы банктер арасында жоғары көрсеткіштер — тек мемлекеттік Отбасы банкінде және жұмыс профилі шектеулі «американдық» Ситибанкте. Өз кезегінде, Jusan Bank-тің ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4) 2,191 құрады — бұл да сектор бойынша үздіктердің бірі. Банктің нәтижелерін халықаралық рейтингтік агенттіктер де бағалады: мысалы, Moody's Jusan Bank-ке ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша «Тұрақты» болжамымен B1 деңгейінде ұзақ мерзімді жоғары рейтинг берді.
Меншікті капиталдың өсуі бойынша екінші орынды ЦентрКредит Банкі алады: жылына плюс 33,6%, 276,5 млрд тг дейін. Бұл өткен жылғы 4,2%-ға қарағанда, ҚР ЕДБ жиынтық меншікті капиталының 5,1%-ы және осы көрсеткіш бойынша секторда жетінші орын. Осы қаржы институтының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті (k1) 0,135-ті, ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4) — 1,133-ті құрады.
Үздік ондықтағы жылдық өсім бойынша көшбасшылар үштігін Kaspi Bank тәмәмдайды: жылына плюс 28,9%, 488 млрд тг дейін. Бұл өткен жылғы 7,8%-ға қарағанда ҚР-ның 8,9%-ы. Қаржы институты алпауыттар Halyk Bank және Jusan Bank қатар осы көрсеткіш бойынша ҚР ірі ЕДБ үштігіне кіреді. Kaspi Bank меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті (k1) мамыр айының қорытындысы бойынша 0,125, ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4) — 1,413 құрады.
Сонымен қатар, ҚР ЕДБ активтері ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір жылда 9%-ға, 37,1 трлн тг дейін ұлғайды (дегенмен, бір айда көрсеткіш аздап 0,2%-ға қысқарды).
Айта кетерлігі, мұнда ірі ЕДБ ондығында Jusan Bank көш бастап тұр: бірден жылына плюс 41,6%, 2,4 трлн тг дейін. Бұл өткен жылғы 4,9%-ға қарағанда, ҚР ЕДБ жиынтық активтерінің 6,4%-ы. Jusan Bank-тің жылдық есебіне сәйкес, 2021 жылы қаржы институты активтерінің рекордтық өсуі (55%-ға) және оған топ ондықтағы тағы бір банктің, АТФБанктің табысты қосылуы нәтижесінде ҚР Ұлттық Банкі Jusan Bank-ке әлеуетті жүйелік маңызы бар ЕДБ мәртебесін берді, бұл банктің ҚР қаржы жүйесінің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудегі жетекші рөлін көрсетеді.
Активтердің өсуі бойынша екінші орынды ЦентрКредит Банкі алады: жылына плюс 39%, 2,7 трлн тг дейін. Бұл өткен жылдың жазының басындағы 5,7%-ға қарағанда, ҚР ЕДБ активтерінің 7,3%-ы.
Көшбасшылар үштігін мемлекеттік Отбасы Банк — жеңілдікті ипотека мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне маманданған даму институты аяқтайды. Қаржы институты активтерінің портфелі бір жылда 32,9%-ға, 3,1 трлн тг дейін өсті, бұл сектордың 8,4%-ы (өткен жылғы 6,9%-ға қарағанда).
Айта кету керек, банк секторы ірілендірудің жалпы бағытын ұстанып келеді. Мәселен, ҚР ЕДБ-нің топ ондығы меншікті капиталдың 89%-ын (өткен жылғы 81,7%-ға қарағанда) ұстап тұр және активтердің 89,6%-ына (өткен жылғы 85,4%-ға қарағанда) ие.