Бүгінде Қытай қазақстандықтар арасында сұранысы артып келе жатқан бағыттардың бірі. Аспан асты еліне деген қызығушылық туризм, іскерлік сапарлар және сауда салаларында артып келеді. Қытай тауарларын қазақстандықтар жеке сапарлары кезінде де, интернет арқылы да, соның ішінде танымал қытайлық маркетплейстерден де сатып алады.
2026 жылдың тоғыз айында ТМД-дан тыс елдер арасында Қытай қазақстандықтар үшін туристік бағыт ретінде танымалдығы бойынша Түркиямен теңесті. Түркияға 691,1 мың, ал Қытайға 691 мың сапар жасалды. Айырмашылық небәрі 331 сапарды құрады.
Демалыс үшін қазақстандықтар таңдаған өзге де танымал бағыттардың қатарында Вьетнам (283 мың сапар), Мысыр (156 мың), Таиланд (119 мың), Грузия (117 мың) және БАӘ (109 мың) бар. ТМД елдерін қоса есептегенде де, Қытай шетелге саяхаттау бойынша қазақстандықтар жиі таңдайтын бес елдің қатарына кірді. Түркиямен арадағы көрсеткіш айырмашылығы іс жүзінде жойылды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланыстары да қарқынды дамып келеді. ҚХР Қазақстанның сыртқы сауда айналымы бойынша бірінші орында және импорттық тауарларды жеткізуші ірі елдердің бірі болып табылады. Осылайша, Қытай нарығымен байланыс жекелеген туристік сапарлар мен іскерлік байланыстар аясынан шығып, қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды.

Қытайға деген қызығушылық кең ауқымды сипат алды. Біреулер демалыс күндері Үрімшіге барып, Гуанчжоуда сауда жасаса, біреулер Шанхайда іскерлік кездесулер өткізеді. Ал енді біреулер Қазақстаннан шықпай-ақ, қажетті тауарларға онлайн тапсырыс беруді жөн көреді. Алайда екі жағдайда да ортақ бір практикалық мәселе туындайды: сауда ақысын қалай ыңғайлы әрі қауіпсіз төлеп, қосымша пайда табуға болады?
Қазақстан банктері мұндай операциялар бойынша түрлі шешімдерді, соның ішінде халықаралық төлем жүйелерімен бірлесіп әзірленген өнімдерді ұсынады. Солардың бірі — ForteBank-тің Blue (UnionPay) картасы, оны Қытайға сапарға шыққанда және шетелдік онлайн-платформалардан сауда жасағанда пайдалануға болады.
Картаның артықшылықтары
Біріншіден, 2026 жылдың соңына дейін Blue (UnionPay) картасының иелері кез келген сауда үшін 3% мөлшерінде кепілді бонус алады.
Екіншіден, танымал сервистерді пайдаланушыларға арнайы ұсыныстар қарастырылған:
- Pinduoduo — Duoduo Pay арқылы төлем жасаған кезде 10% жеңілдік (бір транзакцияға 5 юаньға дейін) беріледі.
- Яндекс Лавкада UnionPay карталарымен төлем жасаған тиімдірек. ForteBank-тің Blue (UnionPay) картасының иелері ай сайын 3 тапсырысқа жеңілдік алып, картаның басқа да артықшылықтарын пайдалана алады.
Акцияның алғашқы айында:
◦ бірінші тапсырысқа — 50% жеңілдік, 5 000 теңгеден аспайды;
◦ екінші тапсырысқа — 20% жеңілдік;
◦ үшінші тапсырысқа — 10% жеңілдік.
Екінші айдан бастап — айына 3 тапсырысқа 10% жеңілдік.
Үшіншіден, карта әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі — Қытайда құрылған UnionPay жүйесі негізінде жұмыс істейді, жүйе 9 млрд-тан астам карта шығарған және олар әлемнің 183 елінде қабылданады. Саяхатшылар үшін бұл өте ыңғайлы: UnionPay Қытайдың ішкі нарығында кеңінен қолданылады, сондықтан бұл картамен сауда, қызмет, жол ақысын төлеуге, сондай-ақ қолма-қол ақша шешіп алуға болады.
ForteBank ұсынатын қосымша артықшылықтар картаны күнделікті пайдалануға да қолайлы етеді:
- картаны шығару және алғашқы жылы қызмет көрсету — тегін;
- басқа банктерге айына 500 мың теңгеге дейін комиссиясыз аударым жасауға болады;
- әлемнің түкпір-түкпіріндегі банкоматтардан айына 500 мың теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол ақша алуға болады;
- жекелеген санаттар бойынша 20%-ға дейін жоғары бонус қарастырылған.
Мұндай ұсыныстардың өзектілігі жаппай жеңілдіктер маусымында арта түседі. Қараша айында Қытайдың және халықаралық сауда алаңдарында «11.11» және Black Friday ауқымды науқандары өтеді. Осы кезеңде кепілдендірілген 3% бонус пен Pinduoduo платформасындағы арнайы жеңілдіктерді қатар пайдалану онлайн-саудадан қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.
Мұндай төлем шешімдеріне деген сұраныс тұтынушылардың таңдауынан да байқалады. Mastercard зерттеуіне сәйкес қытайлық маркетплейстер қазақстандықтар шетелден тауар сатып алу үшін жиі пайдаланатын платформалардың қатарына кіреді. Олардың арасында Temu, Pinduoduo және AliExpress бар.
Қытаймен туристік, сауда және іскерлік байланыстардың дамуы қолжетімді тауарлар мен ыңғайлы бағыттарға ғана емес, сондай-ақ қолайлы қаржылық құралдарға деген сұранысты да арттырады. Күнделікті үйреншікті тәсілмен төлем жасау, жасалған сауда үшін бонус алу және арнайы ұсыныстарды пайдалану саяхат кезінде де, шетелден тауарға тапсырыс бергенде де қосымша артықшылық береді. Ал дұрыс таңдалған карта осы мүмкіндіктердің барлығын бір төлем құралына біріктіруге мүмкіндік береді.


