Дегенмен, таңдаудың қажеті жоқ — қазақстандық банктердің ұсыныстары барлығына арналған
ҚР Ұлттық банкі ҚР-дағы қолма-қол ақшаны пайдалану перспективаларына социологиялық зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 9,6 мың респондент қатысты, оның 3,5 мыңы кәсіпкерлік субъектілері.
Анықталғандай, бүгінде технологиялардың үздіксіз дамуы мен қаржы секторының тетіктерінің жетілдірілуі нәтижесінде қолма-қол ақшасыз әдіс қарқын алуда, бірақ соған қарамастан заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша маңызды төлем құралдарының бірі ретінде өз орнын сақтап отыр.
Атап айтқанда, ауылдар мен ауылдық округ орталықтарында қолма-қол ақшаны тұрақты пайдаланатын кәсіпкерлердің үлесі 60%-дан асса, республикалық маңызы бар қалаларда 30%-ға жетпейді.
Орташа алғанда, ҚР экономикасының салалары бойынша сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің 36%-ы қолма-қол ақшаны пайдаланды. Қолма-қол ақшаға ең жоғары сұраныс агроөнеркәсіп кешенінде (респонденттердің 60%-дан астамы) және саудада (жартысынан астамы) байқалды. Бірақ сумен жабдықтау, құрылыс, ғылыми қызмет, телекоммуникация, білім және өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлердің үштен бірінен азы қолма-қол ақшаны пайдаланды.
Көбіне операциялық айналымдағы қолма-қол ақша тауарларды сатып алу-сату, қызметтерді көрсету және сатып алу, қызметкерлерге жалақы төлеу сияқты операцияларда пайдаланылды. Бірақ салықтар мен алымдар, несиелер мен валюта айырбастау қолма-қол ақша арқылы сирек жүзеге асырылды (қолма-қол ақшаның үлесі негізінен жоғары болатын микробизнесті қоспағанда).
Ескерту: бүгінгі таңда ірі қазақстандық банктер бизнеске қаржыны қолма-қол ақшасыз форматта да, ақшаны аудару арқылы да басқаруға мүмкіндік беретін әртүрлі нұсқаларды ұсынады. Asiamoney қаржыгерлерінің пікірінше, ForteBank ШОБ үшін ең жақсы банк болып танылды, сондықтан біз осы қаржы институтының екі өнімін мысалға ала отырып, нұсқаларды қарастырамыз. Мұнда компанияның кез келген уақытта — қолма-қол ақшасыз да, қолма-қол ақша форматында да қаржылық менеджментке қол жеткізуі заңды тұлғаларға, ЖК және корпоративтік картаға арналған ForteBusiness қосымшасының үйлесімі арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұл қалай жұмыс істейді? ForteBusiness қосымшасы шоттар ашуға, деректемелерді алуға, барлық қажетті қолма-қол ақшасыз операцияларды онлайн режимінде жасауға, бюджетке кез келген төлемдерді (әлеуметтік, зейнетақы, МӘМС және салық) және т. б. жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз цифрлық корпоративтік картаны тікелей қосымшадан бере аласыз, сондай-ақ карта нөмірі бойынша ақша аудара аласыз (P2P). Өз кезегінде, корпоративтік карта тәуліктің кез келген уақытында банкомат желісінде қолма-қол ақша алуға немесе POS-терминал арқылы өнім немесе қызмет үшін төлеуге, соның ішінде Apple Pay немесе Samsung Pay арқылы компанияның өкілдік, іссапар немесе басөқа да шығындарын төлеуге мүмкіндік береді.
Негізінде, ҚР ірі ЕДБ көпшілігінде ұқсас нұсқалар мен өнімдер бар, дегенмен олардың әрқайсысының өзіндік бірегей ұсыныстары болады (мысалы, қарастырылып отырған ForteBank — мысалы, валюта айырбастау қызметі жеке Fortex бағамы). ҚР-дағы қалаларда да, ауылдарда да интернетпен қамтылу мен цифрландыру деңгейі бизнеске еліміздің кез келген аймағында, кез келген салада өзіне ыңғайлы нұсқаны табуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, қаржылық және цифрлық инфрақұрылымның дамуы, сондай-ақ сектордағы банктік ұсыныстардың болуы сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің тек 14% зерттеуде қолма-қол ақша алудағы қиындықтарды айтса, көпшілігі немесе 86%-ы бұл мәселеде ешқандай проблемаға тап болған жоқ.
Операциялық айналым үшін қолма-қол ақшаны алу жиілігіне келетін болсақ, респонденттердің 24%-ы қаражатты мүлде алмайтынын, ал 23%-ы айына 1-2 рет немесе одан да аз алатынын атап өтті. Кәсіпкерлердің тек 4%-ы күн сайын ақша аударатынын айтты.
Қазақстандық кәсіпкерлік субъектілерінің қолма-қол ақшалай төлемді таңдау себептерінің ішінде қолма-қол ақшамен табыс алуы жиі кездеседі (сұралғандардың 35%-ы). Танымал себептерге сонымен қатар шығындарды жақсырақ бақылау (21%) және кейбіреулер үшін қолма-қол ақшаны төлеу бұрынғысынша тезірек және оңайырақ болып көрінуі (20%) болды. Респонденттердің 19%-ы қолма-қол ақшаны кейбір тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін немесе жеткізушілердің өтініші бойынша пайдаланады. Әдетт бойынша алатындар үлесі 16%.
Сонымен қатар, сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің 12%-ы қолма-қол ақшамен мүлдем жұмыс істемейді.