Жақында біз тұтыну несиелерінің қазір қандай базалық және тиімді мөлшерлемелері қандай екенін жазғанбыз. Дегенмен, ҚР-дағы тұтыну несие нарығында бүгінгі таңда тек несие алу ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы несиені неғұрлым тиімді мөлшерлемемен қайта қаржыландыру мүмкіндігі бар. Бұл материалда біз дәл осы өнімдерді — тұтыну несиелерді кепілсіз қайта қаржыландыруды қарастырамыз.
Кепілсіз тұтыну несиелерді қайта қаржыландыруды қазіргі таңда ҚР-ның 21 ЕДБ-нің 10-ы ұсынады. Еске салайық, жалпы кепілсіз несиені 12 банк ұсынып отыр.
Bereke Bank-те қайта қаржыландырудың ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлемесі белгіленген: 8,38%-дан бастап. Одан кейін ЖТСМ 13,6%-дан басталатын Еуразиялық Банк және ЖТСМ 21,9%-дан басталатын ВТБ Банкі бар. Бұл ретте сегменттегі орташа тиімді мөлшерлеме осы үшеуінен айтарлықтай жоғары: 23,55%-дан басталады.
Сегменттегі ең жоғары несие мерзімі — 84 айға дейін — ВТБ Банкі ұсынады. Одан кейін 72 айға дейінгі мерзіммен Еуразиялық Банк келеді. Ең көп таралған қайта қаржыландыруды мерзімі – 60 айға дейін – оны сектордағы 10 ЕДБ-нің 8-і ұсынады.
Несиенің максималды сомасы — 10 млн теңгеге дейін — Home Credit Bank ұсынады. Одан кейінгі орындарда 8 млн теңгеге дейінгі сомаға Bereke Bank, Jusan Bank және Altyn Bank қаржыландырады.
Еске сала кетейік: ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, биыл жыл басына тұтыну несиелері бойынша нарықтық базалық пайыздық мөлшерлеме 17,2%, бір жыла бұрын 18,9%, бес жыл бұрын 20,9%, он жыл бұрын 23,7% болды.
Қазақстанда тұтыну несиелерінің жалпы көлемі, бұрын жазғанымыздай, жыл басында 7,7 трлн теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 25,2% артық.