Биыл қаңтар–наурыз айларында халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге жөнелтілген қаражат көлемі 182,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% аз. Бірінші тоқсандағы көлемнің төмендеуі екінші жыл қатарынан байқалады.
Транзакциялар саны, керісінше, 28,2% өсіп, 530,2 мыңды құрады, бұл бір аударымның орташа көлемін 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы 458,3 мың теңгеден 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 344,9 мың теңгеге дейін қысқартты.

Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ақша жөнелтілген елдердің ішінде ең көп көлем Түркияға тиесілі: 54,4 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 4% артық. Одан кейінгі орында Ресей тұр, оған биыл жылдың бірінші тоқсанда 48,1 млрд теңге жіберілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 68,9% көп.
Үздік үштікті Өзбекстан 32,3 млрд теңгемен жапты — бір жыл бұрынғыдан 15,5% аз.
ҚР-дан Грузияға (18,7 млрд теңге) және Қырғызстанға (6 млрд теңге) қомақты қаражат жіберілді. Грузияға ақша аударымы 40,3% өссе, Қырғызстанға керісінше бірден 5,5 есе азайды.

ААЖ арасында ҚР-дан шетелге аудару көлемі бойынша «Золотая Корона» көшбасшы: 2023 жылғы қаңтар–наурызда 141,4 млрд теңге жөнелтілді, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,3% өскен. Одан кейін Contact (21 млрд теңге) және Western Union (13,4 млрд теңге).

Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, ақша аудару қызметінің құны бір жылда небәрі 0,2% өскен. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын қызмет 1,3% қымбаттаған.
